Кадиров Эркин Мусирманұлы
Ғалымдар тамақ жайында келген барлық дәлел және құжаттарды толықтай үйреніп шықты, оларды салыстырып, усули фиқһ және басқа қағидаларды істеп шыққан және төмендегідей қорытынды ұсынған:
Тамақ жеу кейде парыз болады.
Бұл істі парыз болғанда істегені үшін адам сауап алады және оны істемегені үшін күнәһар болады. Өзін өлімнен сақтау үшін тамақ жеудің үкімі осылай. Себебі Ислам дінінде адам өз жанын өлімге тастамайды, бәлкім жанын сақтау үшін әрекет жасауы парыз.
Тамақ жеу кейде уәжіп болады.
Парыз намазын тік тұрып оқуға шамасы жететіндей және парыз оразаны тұтуға құдіреті жету үшін қажет мөлшерде тамақ жеу уәжіп. Шариғат ережесі бойынша уәжіпті орындау үшін керек болған нәрсе де уәжіп болып саналады.
Тамақ жеу кейде мандуб (істесе сауап, істемесе сауап жоқ) болады.
Рызық-несібе (еңбек етуге) табуға, ілім алуға және нәпіл ғибадаттарды орындауға шама-шарқы жететін мөлшерде тамақ жеу мандуб.
Тамақ жеу кейде мубах ( рұқсат етілген, істесе де, істемесе де сауап жоқ) болады.
Зиян жетпейтін мөлшерде тойып тамақтану мубах болады.
Тамақ жеу кейде харам (арам) болады.
Артықша тойып, өзіне зиян жеткізетін мөлшерде тамақ жеу харам.
Тамақ жеу кейде макрух болады.
Бұған тойғаннан артық тамақ жеу кіреді.
Өзі сойған құрбандық малының етінен жеу мүстахаб болады. Ақиқаның үкімі де құрбандықтың үкімі сияқты.
Каффарат өтеу және фидя төлеу үшін сойылған малдың етінен сол каффарат және фидя уәжіп болған (малды сойған) адамның жеуі мүмкін емес.
Той және қонаққа жасалған тамақтан жеу мүстахаб болады. Бөтен жерде тамақ жеуді қалаған адам, ол жердегі тамақтың қалай жасалуын білмегендіктен, ол жайлы сұрамай тұрып жемеуі қәжет. Пайғамбарымыз Мұхаммед алайһис салам әрдайым жеуден бұрын (тамақ жайлы) сұрастырып, сосын тамаққа қол салатын еді.
Тамақ жеу әдептері
Тамақ жеуден алдын екі қол жуылады. Ислам дініндетамақ жеуден алдын екі қолды жуу діни тәлімдер арасына қосылған және ол «береке» деп аталған. Бұл сөзімізге дәлел Салман р.а-дан риуаят етіледі: «Наби соллаллаһу алайһи уасаллам «Тамақтың берекесі одан алдын (екі қолды) жуу және одан кейін (екі қолды) жуу, — деген» (Абу Дауд және Термизи риуаят еткен).
Ғалым және үлкен жастағы кісілер тамақ жеуді бастағанша, басқалардың күтіп тұруы ұлы әдеп үлгісі. Бұл әдепті басқа әдептер секілді, балаларға да жастайынан үйрету қажет. Кейбір халықтар бұл әдепті ұмытып қойған. Бізде бұған амал ету қәзір жақсы деңгейде деп айта аламыз. Бұл әдепке амал етуді тоқтатпай жалғастыру керек. Осы әдепке құжат Хузайфа р.а риуаят етіледі: «Наби соллаллаһу алайһи уасалламмен бірге тамаққа барсақ, Расулулла бастамайынша, тамақ жеуді бастамайтын едік» (Муслим риуаят еткен).
Тамақ жеуді бастауда «бисмиллаһ» айтылады. Дінімізде барлық жақсы істер тасмиямен («бисмиллаһ») басталғаны сияқты тамақ жеу де Алланың есімімен басталады.
Тамақ оң қолмен желінеді. Пайғамбарымыз Мұхаммед алейһиссалам барлық істерді оңнан бастауды ұнатқан, сондай-ақ тамақты да оң қолмен жейтін еді.
Әр кім өз алдынан жейді. Тағам табақ сияқты ыдыста болса, әркім өз алдынан жейді, біреудің алдындағы тағамға қол ұзатпайды. Себебі біреудің алдындағы тағамға қол ұзату жаман әдепсіздік. Осы өткен үш мәселенің дәлелі Омар ибн Абу Салама р.а риуаят етіледі ; «Расулулла солаллаһу алейһи уа салламнің қарамағындағы бала едім. Колым табақта ары-бері жүретін еді. Сонда ол кісі маған: «Ей бала! «бисмиллаһты» айт, оң қолыңмен же, өз алдыңнан же!», — деді. Содан соң осылай жейтін болдым» (Бұхари, Муслим, Абу Дауд, Термизилер риуаят қылған).
Қолмен жегенде тағам үш саусақпен алынады. Үштен көп саусақты іске салу ашкөздік. Оған дәлел Каьб ибн Малик р.а риуаят етіледі: «Наби соллаллаһу алайһи уа саллам үш саусақтарымен жейтін еді және қолдарын сүртуден алдын оларды жалайтын еді» (Муслим, Абу Дауд, Термизи және Насаийлер риуаят еткен).
Тағам сүйеніп, жамбастаған хәлде жейілмейді. Біріншіден, бұл іс әдепсіздік, мәдениетсіздік. Сондай-ақ, жамбастап жатқан адамның тамақ жүретін ағзалары – ішектері, қарны, асқазаны ыңғайсыз халге келіп, жұмыс істеу қабілеті төмендейді. Себебі, ол жеген тағамның асқазанда қайта істелуі, қорытылуы қиындайды. Соңында адам саулығына зиян жетеді. Оған дәлел Абу Жухайфа р.а риуаят етіледі: «Наби соллаллаһу алайһи уа саллам мен сүйенген халімде (тағам ) жемеймін», — деді» (Бұхари, Абу Дауд, Термизи, Насаийлер риуаят еткен).
Қолдан түскен және дастарханға төгілген тағам алып желінеді. Қолда және ыдыстарда қалған тағам қалдығы (сарқыты) исрап етілмейді. Жобир р.а-дан риуаят етіледі; «Наби соллаллаһу алайһи уа саллам: «Әлбетте, шайтан сіздерден әр біріңіздің әрбір ісінде араласады, тіпті тағамына да араласады. Қашан біреуіңізден лұқма түссе, оны тазалап, кейін жесін. Оны шайтанға қалдырмасын. Жеп болған соң, саусақтарын жаласын. Себебі ол тамақтың қай жерінде береке болатынын білмейді», деген» (Муслим, Абу Дауд, Термизи және Насаийлер риуаят еткен).
Тағам жеп болған соң Аллаға шүкір-мақтау айтып, дұға жасалады. Жеп-ішіп болған соң шүкіршілік жасап, мақтау айтуда Алла тағаланың жалғыз рызық беруші Зат екенін мойындау, тән алу бар. Бұған қоса, бұл істе Алла тағалаға шүкіршілікті әрдайым жаңалап тұру мағынасы бар. Шүкір еткен пендеге Алланың Өзі нығметтерін арттыруын уәде еткен. Біздің елде тамақтан соң жасалатын дұғалардан «Алхамдулиллаһиллазий атьаманаа уа сақонаа уа жаьаланаа минал муслимийн». «Бізді жедірген, ішірген және мұсылмандардан еткен Аллаға мақтаулар болсын», — деген дұға кең тараған. Бұған дәлел «Сунан» иелерінің риуаятында: «Наби соллаллаһу алайһи уа саллам қашан тамағын жеп болса, «Бізді жедірген, ішірген және мұсылмандардан еткен Аллаға мақтаулар болсын», — дегенікелген.
Тамақтан кейін екі қол жуылады.
Пайғамбарымыз Мұхаммед алейһиссалам осылай жасаған. Қолда тамақтан қалған жұқтарын жуып, кетіру ұлы әдеп үлгісі.
Міне, бұл мақалада айтылған әдептер Пайғамбарымыздан біздерге жеткен ұлы әдептер, көркем мінездер және мәдениеттілік. Біздің елге бұл әдептер сіңіп үлгерген, халқымыз оған амал жасауда. Алдағы уақытта жас ұрпаққа да өзгелердің жат қылықтарын емес, ата-бабаларымыз амал еткен ұлы әдептерді үйретуді жалғастыруымыз қажет бауырлар!