«Һибатулла Тарази» медресесі

Һибатулла Тарази медресесі облыс орталығындағы ең көрнекті Төле би көшесі бойында орналасқан.

Медресе ғимараты екі қабаттан тұрады. Орналасқан жерінің көлемі 1,2 гектар. Оқу орнының жалпы көлемі 1470 шаршы метр. Медресенің биіктігі 5,7 метр. Қабырғаның ішкі жағы заман талабына сай  ыстық-суықты жібермейтін арнайы технология бойынша әрленген. Медреседе 1 директор бөлмесі, 3 дәрісхана бөлмесі, 1 кітапхана (1500-ден  астам діни кітаптардан тұрады. Кітапхана компьютермен жұмыс істеушілер үшін де тиімді), 1 мұғалімдер бөлмесі, 1 мәжіліс залы, 1 медициналық көмек көрсету пункті, 1 дене шынықтыру залы, 1 тәрбиешілер бөлмесі, шәкірттердің жатақханалық 2 бөлмесі, 1 қонақ бөлмесі, сондай-ақ, медресе ұстаздары мен шәкірттерге қажетті басқа да бөлмелер бар. Олар  уақыт  талабына сай заманауи үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Медресе шәкірттері жалпы орта білім негізіндегі оқыту мерзімі бойынша 2 жыл 10 ай білім алады. Оқу  жылы екі семестрге бөлінген. Шәкірттер оқу жоспарына сай дәріс тыңдап, өндірістік және зертхана сабақтарына  қатысады және өзіндік жұмыспен айналысады.  Соңынан  курстық жұмыстар,  сынақ тапсыратын болады.  Медресе бітіргендер  «Исламтанушы» мамандығы бойынша диплом алып шығады. 2013-2014 оқу жылы медресені 17 шәкірт бітіреді.

 

Ақпарат көзі: muftyat.kz