КОЛЛЕДЖ ТАРИХЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Сарыағаш медресе-колледжінің» қысқаша тарихы Сарыағаш медресе-колледжі ОҚО,Сарыағаш ауданы, Жартытөбе ауылдық округі, Ынтымақ ауылы, Аппаз Ата көшесі №1 үйде орналасқан. Елімізде арнайы орта деңгейдедегі имам хатиб, ислам негіздерінің мұғалімін мақсатында алғаш рет Сманов Абдужаппар Шәкірұлымен ағасы Әбдішукүр Шәкірұлының ұсынысымен ашылған. 1955 ж. Абдуллаһұлы Атаулла қари осы ауылдың бойынан мешіт салдырған. Жергілікті халық бұл мешітті «Таяқты Ешан» деп атап кеткен. Колледж ғимаратын мешітке жапсарластырып 1989 жылы Шәкір Ешан Сманұлы ауыл азаматтары Шаполатов Қошқар, Махсутов Мухаммадрасул т.б ауыл азаматтарының көмегі және өаражатына көлемі 12х66 м екі қабатты етіп тұрғызған. Мешіт 2000 жылға дейін «Таяқты Ешан» мешіті жанындағы сауат ашу деген атпен өз бетінше жұмыс істеп келді.

Алматыда 2009 ж.Өткен ҚМДБ-ң кеңейтілген төралқа мәжілісінде Сарыағаш сауат ашу курсын 2010-2011 ж. Жаңа оқу жылынан бастап діни басқарма құзырына алу міселесі талқыланып шешім қабылданды. Сол кездегі бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлінің ұсынысымен ҚМДБ құзырына алынып, оған медресе мәртебесі берілді. Медресе республика бойынша дін мамандарын даярлайтындықтан 2010 жылдың 29-шілдесінде елдің барлық аймағынан алғашқы 55 талапкер қабылданған.

2013 жылы маусым айының 19-күні ҚМДБ-ның бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы Маямеров алғашқы түлектерге диплом табыстады. Сондай-ақ мүфти «Сарыағаш медресесі» қыздар бөлімінің жаңа ғимаратының ашылу салтанатына да қатысты.

2016 жылдың қаңтар айында медресе колледж статусын алды. Колледж шәкірттері арнайы орта білім негізінде оқыту мерзімі 2 жыл 10 ай және 3 жыл 10 ай білім алады. Жыл ішіндегі оқу екі семестрге бөлінген. Оқу жоспарына сәйкес шәкірттер лекция, прапктикалық, лабараториялық сабақтарға қатысады, өзіндік жұмыспен айналысады. Медресенің оқу жоспары мен оқулықтары Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаментімен келісілген және діни басқарма тарапрынан бекітілген.