Орал медресесі

2008 жылдың қыркүйегінде медресе ресми түрде ашылды. Орал медресесі Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарына қажетті дін мамандарын даярлайтындықтан 2008 жылдың 24 қыркүйегі күні аталған үш облыстан  алғашқы 24 шәкірт қабылданды.

Медресенің тұңғыш директоры болып ҚМДБ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Смайыл Сейітбеков тағайындалды.

Медресеге тиісті құжаттардың бәрі толықтай реттеліп, 2009 жылы  31 наурызда Әділет министрлігінен ресми түрде тіркеліп, №5089-1900-ДБ тіркеу куәлік берілді.  Бизнес-сәйкестендіру нөмірі – БСН 090440006564.

Ал, 2010 жылы 29 сәуірде Орал медресесіне Білім және ғылым министрлігінен №0137381 серия АБ нөмірлі мерзімі шектеусіз мемлекеттік лицензия берілді.

Оқу мерзімі өзге де медреселердегідей 2 жыл 10 ай. Оқу жоспарына сай шәкірттер дәріс тыңдап, практикалық, зертхана сабақтарына қатысады, өзіндік жұмыспен айналысады. Соңынан курстық жұмыстар, сынақ, емтихан тапсырады.

2013-2014 оқу жылында медресені 12 шәкірт бітіреді.

Ғимараттың құрылымы цоколдік қабаттан, 1 және 2 қабаттан тұрады. Оқу орны  орналасқан жер көлемі 0.3050 га. Оқу орнының жалпы көлемі 741,1 шаршы метр. Әкімшілік бөлімдер оқу ғимаратының 1-қабатында орналасқан және жалпы көлемі 62,8 шаршы метрді құрайды (1. Директор бөлмесі – 20,5 шаршы метр, 2. Оқу бөлімі – 15,8 шаршы метр, 3. Есепші – 13,2 шаршы метр, 4. Медициналық Пункт – 13,3 шаршы метр).

Мекенжайы: Орал қаласы, Ж.Досмұхамедов көшесі, 22 үй. (Базар аялдамасындағы Орал қалалық мешіті)

Тел: 8 (7112) 504002

Факс: 8 (7112) 504002

 

Ақпарат көзі: muftyat.kz