СТУДЕНТТЕР

Елордасы Астана қаласындағы «Қазақстан» спорт кешенінде «Медресе темір адамы» республикалық медресеаралық спорттық сайысы өтті.

ҚМДБ елорда өкілдігі мен «Астана» медресе-колледжінің ұйымдастыруымен өткен додалы жарысқа еліміздегі Діни басқармаға қарасты тоғыз медресе және «Хусамуддин ас-Сығанақи» институының шәкірттері қатысты. Медресе саңлақтарынан Бектуров Даниял, Ахмет Медеу, Жандарбеков Медеу, Абдраим Мусажан жарыста екі номинация бойынша бақ сынады. Эстафета номинациясы бойынша 100 метр қашықтыққа суға жүзуден
шәкіртіміз Бектуров Даниял жүлделі 1-орын иеленсе, командалық есеп бойынша 3-орынды қанжығалады.
Елордадан еңсені еселеп келген шәкірттерді жеңістерімен құттықтаймыз!