MEDRESE.KZ Жаңалықтар Салауатты өмір салты

2019-жылдың 28-қыркүйегінде ҚР Үкіметінің 01.06.2006-жылғы 2- қаулысымен бекітілген «Салауатты өмір салты» кешенді бағдарламасына сәйкес Сарыағаш медресе колледжінің білім алушылары арасында «Біз нашақорлыққа қарсымыз» атты спорттық сайыс өтті. Жастардың бос уақытын тиімді пайдаланып, жан мен тәннің сергуіне шектеусіз септігін тигізуде спорттың орны ерекше екенін түсінген колледж шәкірттері іс-шараға түгел қатысуға тырысты. Гір тасын көтеру, гимнастикалық қоссырық (брусья), белтемірге )турник)  тартылудан өзара сайысқа түскен шәкірттер, кім мықтыны өзара сол күні-ақ анықтап үлгерді.

Сонымен:

Гір тасын көтеруден 1-орынды үш минут ішінде 120 рет котеріп Жұмадиллаев Исмаил, 2- орынды 96 рет көтерген Маликов Сайфулла иемденді. Ал мінбенің соңғы тұғырын гір тасын 3 минут ішінде 88 рет көтеріп Қасым Қастер иеленді.


Гимнастикалық қоссырық  бойынша:

1-орын Абдужаппар Нұрислам

2-орын Шадиев Шарифулла

3-орын Кабулов Келдібек

Белтемірге тартылуда:

1-орын Тулеген Бағдаулет

2-орын Оразақұл Шерхан

3-орын Набиханов Мұхаммедали

Аталған жүлдегер шәкірттер колледж директоры Абдуғаппар Смановтың арнайы силығымен мақтау қағаздарын алды. Сонымен қатар жақсы нәтиже корсеткен шәкірттерге колледждің жастар ұйымы тарапынан мақтау қағаздары табысталды.

Related Post

Құдықты нәжістерден, лас-кір заттардан тазалауҚұдықты нәжістерден, лас-кір заттардан тазалау

 С: Құдық суы таза екені атап өтілді. Дегенмен, оған нәжіс түссе қалай тазаланады? Ж: 1) егер құдыққа кір-қоқыс түссе немесе оның ішіне әлдебір жануар түсіп, өліп қалса, оның ішіндегі барлық

КІТАП ЖӘРМЕҢКЕСІКІТАП ЖӘРМЕҢКЕСІ

2022 жылдың 5-наурыз күні Сарыағаш медресе колледжінде кітап жәрмеңкесі болып өтті. Жәрмеңкенің мақсаты: ислами кітаптарды оқуды насихаттау, қоғамда оқуға деген қызығушылығын арттыру, өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуына ықпал ету.Сонымен қатар аз

Рамазан Шәкір

ҰСТАЗ РАМАЗАН ШӘКІР|ТӘУБЕ ЕТУ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЫҒМЕТІ ЖАЙЛЫ УАҒЫЗ АЙТТЫҰСТАЗ РАМАЗАН ШӘКІР|ТӘУБЕ ЕТУ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЫҒМЕТІ ЖАЙЛЫ УАҒЫЗ АЙТТЫ

Тәубе сөзінің мағынасы «қайту, оралу» дегенді білдірсе, қолданыстағы шариғи ұғымы «пенделікпен жасаған күнәсына шынайы өкініп, оны қайталамауға бел буу» деген сөз. Пайғамбарымыз ﷺ хадисінде: «Барлық Адам атаның балалары қателесуші» деп