Бүгінгі таңда Сарыағаш медресе колледжінде 900 ден астам шәкірт тәлім алуда. Білім жолында берілген садақаның сауабы ілім иесінің өзгеге үйретері, мұра етер мирасы түгесілгенше еш сарқылмайды. Ал ілімнен асқан қазына, байлық жоқ. Өңіріміздегі жастарды имандылыққа тәрбиелеп, ислами іліммен сусындатушы білім ордасы – «Сарыағаш медресе колледжіне» көрсетілген көмек те сауабы зор амал. Бүгін Түркістан облысы, Шардара ауданының жомарт азаматтары колледжімізде тәлім алып жатқан шәкірттерге 3 тонна алма, 25 кг балық садақа етті. Алла жолында ілім ізденушілерге жасалған жақсылықтың сауабы таудай болары күмәнсіз. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Жарты құрмамен болса да өздеріңді тозақ отынан құтқарыңдар» деген. Баршаңызды Алла жолында жақсылық жасауға шақырамыз!!!

Related Post

«СТУДЕНТТІК ЛИГА» ЖАРЫСЫ АЯҚТАЛДЫ«СТУДЕНТТІК ЛИГА» ЖАРЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

Сарыағашта ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай спорттық жарыс түрлерінен сайыстар өтті. Жарысқа жалпы Сарыағаш ауданынан 6 команда қатысып бақтарын сынады. Мақсат — жастар арасында салауатты өмір сүру салтын насихаттау, аудан

💡ЕЛІМІЗДЕГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ” БАСТАУ АЛДЫ.💡ЕЛІМІЗДЕГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ” БАСТАУ АЛДЫ.

🔰Бүгін Сарыағаш аудандық мәдениет үйіне Қазақстан Республикасының Оқу ағарту министрлігінің Тәрбие және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Асқарбекқызы арнайы іс-сапармен келді. 🔰Сарыағаш және Келес аудандықбілім беру ұйымдарының тәрбие ісі

27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – Қадір түні27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – Қадір түні

27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – Қадір түні. Әнас ибн Мәлік (р.а.) былай деп айтқан: «Рамазан келгенде, Алланың Елшісі (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын): «Расында, сендерге бұл ай