MEDRESE.KZ Жаңалықтар Құдықты нәжістерден, лас-кір заттардан тазалау

Құдықты нәжістерден, лас-кір заттардан тазалау

 С: Құдық суы таза екені атап өтілді. Дегенмен, оған нәжіс түссе қалай тазаланады?

Ж: 1) егер құдыққа кір-қоқыс түссе немесе оның ішіне әлдебір жануар түсіп, өліп қалса, оның ішіндегі барлық суды сыртқа төгіп тастап, тазарту керек.

2) Кептер немесе тауық секілді шағын денелі жануардың денесі түсіп кеткен құдықтан қырық шелек су алып тастау уәжіп, ал елу шелек шығару мұстахаб.

3) Тышқан немесе мысықтай жануар өлігі түскен құдықтан жиырма шелек сыртқа төгіп тастау уәжіп, отыз шелек су алу мұстахаб.

4) Бұл ретте құдыққа түсіп кеткен жануардың денесінің иістеніп, бүлініп кетпеуіне мән берген жөн. Ал ісіп немесе борсып кетсе, жануарды үлкен кішілігіне қарамай құдықтың барлық суын сарқылғанша сыртқа төгіледі.

С: Құдықтағы суды шығаратын шелектің аумағы қандай болуы керек?

Ж: Құдықтардан су алатын әдеттегі орташа шелек немесе аумағы дәл сондай ыдыс қолданылады.

С: шелектің кейде тек үлкені ғана болады, онда есеп қалай жүргізіледі?

Ж: Үлкен шелекке орташа шелекпен он шелек су сыйып жатса, тышқандай жануар өлексесі түссе, екі-үш шелек суды шығарумен шектеледі. Кептер түскен құдықтан қырық шелек осылай шығарылады.

Ескерту :Құдық суы түбінде шелек толар – толмас су қалғанша тазартылуы керек.

С: Кей құдықтардың қайнап шығатын көзі немесе түбінде ағыны болғандықтан суы қанша алынғанымен таусылмайды. Мұндай құдықты қалай тазалау керек?

Ж: Мұндай құдықтың ішіндегі су мөлшері өлшеніп, белгілі бір мөлшердегі су сыртқа төгіледі. Су мөлшерін дәлірек шамалайтын, әділ (немесе құдық маманы) екі кісінің сөзі бойынша есептеледі. Бұл жөнінде Әбу Ханифаның досы Мұхаммед бин әл- Хасанның (р.а) риуаятында: «Мұндай құдықтардан екі жүз шелектен үш жүз шелекке дейін су алынып тасталады»,- деген екен.

Ескерту: Жағдайға қарап судың барлығы немесе біразы шығарылғананн кейін құдыққа таза деген үкім шығарылса, онда қолданған шелек, арқан су шығарушының қолы, құдықтың қабырғасы, топырағы, таза саналады. Сондықтан оларды жуудың қажеті жоқ.

 Ескерту: Су шығару кір қоқысты алып тастағаннан кейін басталады, егер кір қоқыс ішінде қалса, судың барлығы шығарылғанмен құдық таза болып есептелмейді.

С: Намазға дәрет алып, киімдерін, заттарын жуып жүрген құдықтан қашан түскені белгісіз тышқан өләгә табылсағ не істеу керек?

Ж: Ісініп кетпеген тышқан өлігі табылған құдықтан дәрет алған адамдар бір, бір түнгі намаздарын қайта оқиды. Және сол құдықтың суы тиген заттарды таза сумен жуады. Табылған өлексе ісініп немесе жарылып кетсе, үш күн, үш түнгі намазадарын қайта оқиды. Бұл әбу Ханифа (рахимаһуллаһ) құзырында. Әбу Иусуф пен Мұхаммедттердің (р.а) айтуынша: құдықтан табылған өлексе қашан құдыққа түскені анықталмайыншп, намаздарын қайта оқымайды.

Related Post

5 маусымда өткізілетін республикалық референдум5 маусымда өткізілетін республикалық референдум

2022 жылдың 27 мамыр күні Сарыағаш медресе колледжі Абдуғаппар Сманов шатырында еліміздегі 5 маусымда өткізілетін республикалық референдум бойынша колледж ұстаздары және қызметкерлеріне ақпараттық түсіндірме жұмысы жүргізілді. Жиынға Түркістан облысы Сарыағаш

Зекет қандай адамға беріледі?Зекет қандай адамға беріледі?

С: Зекет кімдерге беріледі? Ж: Зекет алуға лайық жандар жөнінде Алла тағала қасиетті Құранда: «Шын мәнінде садақалар ( яғни, зекеттер) кедей-кешіктерге, міскіндерге, оны, (зекетті) жинауға тағайындалған адамдарға ,

Стамбулдағы тарихи мешітте өрт болдыСтамбулдағы тарихи мешітте өрт болды

Кеше 25 қаңтар күні сағат таңғы 6.30 да Стамбулдағы тарихи жәдігерлердің бірі, Қажы Мустафа –паша мешітінде өрт шықты деп хабарлайды Sozcu.com сайты. Алдымен өршіген отты мешіт имамы көріп қалып өрт