MEDRESE.KZ Жаңалықтар Алматыда қыздар арасында І- республикалық Құран жарысы болып өтті

Алматыда қыздар арасында І- республикалық Құран жарысы болып өтті

Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Нұр-Мүбарак» университетінде Құранды жатқа оқудан қыздар арасында тұңғыш рет республикалық жарыс өтті.

Сайысқа республиканың әр аймағынан іріктелген 160-тан аса үміткер қатысты. Олардың ең жасы 7 жаста болса, ең үлкені 54 жаста. Жарысқа қатысушылардың Құранды жатқа айтуына, оқу қырағаты, тәжуиді мен көркем оқу қабілеті бағаланды. Сондай-ақ оқыған аяттарының мағынасы (тәпсірі) сұралды.

Бас мүфти игі шара барысында елдің болашағы бүгінгі қыз баланың, ертеңгі ананың қолында екенін тілге тиек етіп, қыздар арасындағы І республикалық Құран жарысының ашылуымен құттықтады.

«Бүгін міне елімізде тұңғыш рет қасиетті Құран жаттаушы қыздарымыздың арасында республикалық бәйгенің тұсауын кесейік деп отырмыз. Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Сендердің ең жақсыларың Құранды үйреніп, оны өзгелерге үйреткендерің», – десе, халқымыз «Қыз бала тәрбиесі – бүкіл ұлт тәрбиесі», – деген. Білімді әйелден, білікті ұрпақ тарайды. Демек, сіздердің әрқайсыларыңыз бір-бір медресе, академияның қызметін арқалаған, отбасының берекесін келтіруші аманат иелерісіздер. Сондықтан бүгінгі тұңғыш қасиетті Құран сайысына сәттілік тілеймін. Алла Тағала жар болсын!», – деді Ержан қажы Малғажыұлы.

Сайысқа Сарыағаш өңірініен «Сарыағаш медресе колледжінің» шәкірттеріде қатысып қайтты. Естеріңізге сала кетейік 11- наурызда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Алматы қаласында өткен ІІ республикалық медресеаралық олимпидада жүлделі орынға ие болып Ұмра қажылығының иегері Дана Оңалбай қызы бұл жолыда Құран кәрімнің 3 парасынан 1-орынға ие болып қаржылай сыйлық алды. Құран кәрімнің 5 парасынан 3 курс студентіміз Зарубаева Айнұр 3-ІІІ-орынға ие болып қаржылай сыйлықпен  марапатталды.

Сайыс екі күнге созылып. Қасиетті Құранның 1,2,3,5,10  паралары бойынша өтті. «UMMET» қоғамдық қорының қолдауымен жүлде қоры – 3 500 000 теңге.

Іс-шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, Нұр-Мүбарак университетінің ректоры доктор, профессор Жуда Абулғани Басюни, «Нұр-Мүбәрак» ислам мәдениеті университетінің проректоры Шамшидин Керім, «UMMET» қоғамдық қорының президенті Мұхаммедәмин Құрманәли, Алматы қаласының бас имамы Нұрбек Есмағанбет, ҚМДБ діни білім және ғылым бөлімінің меңгерушісі Бақтыбай Бейсенбаев қатысты.

DSC_0265

Related Post

Сіздердің ең жақсыларыңыз Құранды үйреніп, оны басқаларға үйреткендеріңізСіздердің ең жақсыларыңыз Құранды үйреніп, оны басқаларға үйреткендеріңіз

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадис-шарифте: «Сіздердің ең жақсыларыңыз Құранды  үйреніп, оны басқаларға үйреткендеріңіз»-депті. Ендеше мұсылман баласына Құран үйрену ауадай қажет деп айтуға болатын шығар?

Сарыағаш медресе колледжі шәкірттері мемлекеттік емтихан тапсырдыСарыағаш медресе колледжі шәкірттері мемлекеттік емтихан тапсырды

Мұсылмандықтың қырық парызының бірі – білім іздеу. Осыларды басшылыққа алған қазақ ағартушысы Ыбырай Алтынсарин бабамыз балаларды білімге шақырғанда: «Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық», – деп, білімді Алланың атымен бастап,