Кеше Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Алматы қаласында басталған ІІ республикалық медресеаралық олимпида өз мәресіне жетті.

Сонымен, қазылар алқасының шешімімен, Елордамыздағы «Нұр Астана» медресесінің 3 курс шәкірті Қуаныш Серіков жүзден жүйрік атанып, бас жүлдегер атанды.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы бас жүлде иесі Қуаныш Файзоллаұлына үлкен қажылыққа тегін жолдаманы салтанатты түрде табыстады.

Сонымен қатар, «Сарыағаш» медресесінің 2 курс шәкірті Дана Оңалбайқызы да бас жүлдені иемденіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Дана Оңалбайқызына кіші қажылықтың тегін жолдамасы берілді.

Олимпиаданың жабылу салтанатында сөз алған Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы: «Алла Тағала жүлделеріңізді берекелі етіп, баршамыздың білімімізді арттырғай. Екі күндік олимпиадаға қатысқан 110 шәкірттің бәрі де жеңіске жетті деп есептеймін. Өйткені, жарысқа қатысушы жан-жақты дайындалады. Алған білімін қайталап, пысықтайды», – деді.

Бас жүлде иегерлері – Қуаныш Серіков пен Дана Оңалбайқызы ақида-фиқһ, Құран тәжуиді, араб тілі бойынша сұрақтарға жауап беріп, ең жоғары баллдық көрсеткішке ие болды.

Марапаттау рәсімінде І орынға 100 мың, ІІ орынға 70 мың, ІІІ орынға 50 мың теңге ақшалай сыйлық табыс етілді.
Ақпарат көзі muftyat.kz
DSC_0104

DSC_0105

DSC_0108

DSC_0110

DSC_0112