MEDRESE.KZ Жаңалықтар Сарыағаш медресе колледжі шәкірттері мемлекеттік емтихан тапсырды

Сарыағаш медресе колледжі шәкірттері мемлекеттік емтихан тапсырды

Мұсылмандықтың қырық парызының бірі – білім іздеу. Осыларды басшылыққа алған қазақ ағартушысы Ыбырай Алтынсарин бабамыз балаларды білімге шақырғанда: «Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық», – деп, білімді Алланың атымен бастап, білім алуға насихаттаған.

 Бүгін   Сарыағаш  қаласындағы «Сарыағаш » медресе колледжінің бітіруші шәкірттері мемлекеттік емтихан тапсырды. Шәкірттер алдымен  қазақстан тарихы пәнінен сынақтан өткен болса, бүгін Құран, фиқһ, араб тілі пәндерінен тапсырды.  Аталмыш емтиханды мелекеттік аттестаттау коммисиясының төрағасы ҚМДБ-ның діни білім және ғылым бөлімінің маманы Марат Жапасбаев,  Сманов Абсаттар «Сарыағаш медресе колледжінің директоры, Қарақұлов Еркебұлан ОҚО  облыстық орталық  мешітінің найб имамы , Абдиров Айтжан «Шымкент» медресесінің ұстазы, Төребеков Нұралы «Сарыағаш медресе колледжінің оқу бөлімінің меңгерушісі  қабылдады. Аталмыш медресені  2015-2016 оқу жылы табысты бітіріп, мемлекеттік емтихан тапсырған ұл балалар бөлімінен 28 түлектің  алтауы Габдрашев Жанкелді, Умирзаков Нұрсұлтан, Хисаров Хусейн, Тасболат Али, Усипбеков Ербосын, Халдаров Азизбек алтауы «Өте жақсы», 12-сі «Жақсы», қалғаны қанағаттанарлық үлгерім көрсетті. ТМД да теңдесі жоқ қыздар медресесі 2013 жылы ашылып алғашқы шәкірттерін қабылдап еді, бұл күндері сол шәкірттер алғашқы түлек болып отыр. Қыздар бөлімінен 22 қыз тәмамдап 6-ауы  «Өте жақсы» қалғаны «Жақсы» үлгерімінде бітіріп шықты

Бірер күндерде диплом алып, ілім деген аманатты арқалап үлкен өмірге қадам басатын түлектерге  Алла Тағала алдағы жолдарын ашсын деп тілейміз!

IMG_2582IMG_2597

Related Post

Нәжістену (Былғану, арамдалу) және олардан тазалануНәжістену (Былғану, арамдалу) және олардан тазалану

С: Нәжістің қандай түрлері бар? Ж: Нәжіс екі түрлі: ауыр нәжіс және жеңіл нәжіс. Адамның денесінен шығып дәрет, ғұсыл алуға себеп болатын нәжістер яғни тезек, зәр, мәни (сперма), мәзи, уәди