MEDRESE.KZ Жаңалықтар Тәуелсіздік тұғырым

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16-желтоқсанында аталып өтеді.Тәуелсіздік тек Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ халқының өкілдері үшін де маңызы зор мереке.

Аталмыш мереке күнін «Сарыағаш медресесі де» өз деңгейінде атап өтті. Жарты төбе ауылдық округының әкімдігінің мұрындық болуымен кең дастархан жайылып «Тәуелсіздік тұғырым» атты мерекелік кеш ұйымдастырылыды, кешті әнұранмен ашып, ауылдық округтың әкімі Абай Аширов салтанатты жиынға келген қонақтарды мерекемен құттықтап, мерекелік іс шарада аудан әкімінің марапаттарын медресеміздің ұлағатты ұстаздары мен үздік шәкірттеріне табыстады.

Тәуелсіздік күнімен ғаламның рахым нұры Пайғамбарымыздың мәулід шарифы тұс келіп медресеміз шәкірттері рухани көріністер қойып келген қонақтарды тәнті етті. Келген қонақтармен медресеміз ұстаздары қойылымдарды көріп көздеріне жас алып өз лебіздерін білдіріп жатты, жас шәкіртіміз Абай Бақыт ұлы «Жетім» монологын оқып өзінің актерлік қырынан көрсете білді.

Тек қана ұлдар емес қыздар бөлімі де бұл іс шарадан тыс қалмай, мерекелік дастархан жайып «Ал, қанеки, қыздар» атты байқау ұйымдастырып қол өнер, ас дайындау, «Желтоқсан ызғары» қойылымдарымен келген қонақтарды тәнті етті.

20151216_124201 20151216_124254 20151216_124331 20151216_124405 20151216_124544

Related Post

Сарыағаш медресе колледжінің ұстаздары біліктіліктерін арттырдыСарыағаш медресе колледжінің ұстаздары біліктіліктерін арттырды

Сарыағаш медресе колледжінде «Таlap» КЕАҚ ұйымдастыруымен 09.02-23.02.2022ж. күндер аралығында «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім беру процесін академиялық дербестікті есепке ала отырып модельдеу» бағдарламасы бойынша колледждің

ҒұсылҒұсыл

Ғұсыл парыздары және оның себептері С: Үлкен дәрет, яғни ғұсылды қашан алу керек немесе қай амалдан соң уәжіп саналады? Ж: Ғұсыл алу төмендегі амалдарға орай уәжіп болады;