MEDRESE.KZ Жаңалықтар Сарыағаш медресе колледжінің ұстаздары біліктіліктерін арттырды

Сарыағаш медресе колледжінің ұстаздары біліктіліктерін арттырды

Сарыағаш медресе колледжінде «Таlap» КЕАҚ ұйымдастыруымен 09.02-23.02.2022ж. күндер аралығында «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім беру процесін академиялық дербестікті есепке ала отырып модельдеу» бағдарламасы бойынша колледждің ұстаздары 72 сағаттық біліктілікті арттыру курсынан өтті. Курсқа колледж директоры Д.Сманов, 20 жалпы, арнайы және кәсіптік пәндерден сабақ беретін ұстаздар қатысты. Курс барысында еліміздегі қазіргі таңда білім беру саласына енгізілген кредиттік-модульдік технологияның  білім саласына қаншалықты қажеттілігі барын және қандай нәтижеге жетуге болатыны туралы мәлімет алынды. Қазіргі заманауи талаптарға сай жаңа технологияны қалай пайдалану  керектігі үйретілді.  Оқу барысында жұмыс оқу жоспарын, жұмыс оқу бағдарламасын, сабақ жоспарын академиялық дербестікті есепке ала отырып қалай жасау керектігін, бағалау өлшем шарттарын құрастыруды өте жақсы меңгеріп шықты.

Болашақта ұстаздар осы алған білімдерін пайдалана отырып, саналы ұрпаққа сапалы білім беруде жүзеге асырады деген сенімдеміз.

Related Post

ҚМДБ: «Дін мен дәстүр» жылы деп жарияландыҚМДБ: «Дін мен дәстүр» жылы деп жарияланды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы еліміздің имам-молдалары мен дінтанушы-ғалымдары үшін 2014 жыл – «Дін мен дәстүр» жылы деп жариялады.

9 Мамыр -Жеңіс күні9 Мамыр -Жеңіс күні

«9 Мамыр -Жеңіс күні» біз үшін өте қастерлі, қасиетті мереке. Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жартытөбе ауылдық округі әкімшілігінің ұйымдастырылуымен мерекелік жиын өтті, жиынға Сарыағаш медресе колледжі ұстаздары ,шәкірттері, соғыс ардагерлері,