MEDRESE.KZ Жаңалықтар Сені сағындық я Мұхаммед с.а.у

Сені сағындық я Мұхаммед с.а.у

Кеше, 2016 жылы 27 қаңтар күні Сарыағаш қаласының орталық мәдениет үйінде адамзаттың ардақтысы, асылы болған Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (с.а.с) мәуліт күнінінің рухани кеші өтті.
Рухани кешке Оңтүстік Қазақстан облысының наиб имамы Бегайдар Қымбатов, Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Құдірет Қыстаубаев, Сарыағаш қаласының әкімі Баймырза Умаров, Сарыағаш ауданының бас имамы Қанатбек Кенжебеков және аудандағы барлық Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының филлиалдарының имамдары, аудан тұрғындары қатысты.
Кеште Сарыағаш медресесінің шәкірттері рухани әндер айтып, қара өлеңдер оқып, көріністер көрсетіп, және бейнероликтер көрсетті. Сарыағаш ауданы Абай ауылында орналасқан «Ешан баба» мешітінің имамы Айдар Садықов Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға құран бағыштап, Мәуліт түсірді.
Оңтүстік Қазақстан облысының наиб имамы Бегайдар Қымбатов Мәуліт кеші жоғары дәрежеде атап өткенін айтып, аудан тұрғындарына алғысын білдірді.

Related Post

⚜️Қазақ табиғатынан үлкенді қадір тұтып, құрметтеген халық. Сондықтан да қазақ қоғамында қарияларға деген қамқорлық қашан да ерекше болған.⚜️Қазақ табиғатынан үлкенді қадір тұтып, құрметтеген халық. Сондықтан да қазақ қоғамында қарияларға деген қамқорлық қашан да ерекше болған.

🔰1-қазан Қарттар күніне орай Сарыағаш медресе колледжінің “Қыран” еріктілер ұйымы «Қарты бардың қазынасы бар” атты қайырымдылық акциясын өткізді. Ынтымақ ауылдық округінде тұратын, ата — апаларымыздың қал-жағдайын біліп, аулаға тазалық жұмыстарын

VIII Республикалық Құран жарысыVIII Республикалық Құран жарысы

Бүгін, үш күндік Құран байқауының екінші күні аяқталып, жарысқа қатысушы 69 қари Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын және мәнерлеп оқу сынды төрт номинация бойынша толықтай сынақ тапсырып