2023-2024 оқу жылына қабылданған жас талапкерлердің ата-аналарына “Сарыағаш медресе колледжін” таныстыру жиыны өтті

Ата-ана мен байланыс орнату, шәкірттердің үлгерімі мен тəртібін заңды өкілдеріне дер кезінде хабардар ету бүгінгі күні білім беру ұйымдарының мақсатты жұмысы.

🔰Дәл осы себепті бүгін 2023-2024 оқу жылына қабылданған жас талапкерлердің ата-аналарына “Сарыағаш медресе колледжін” таныстыру жиыны өтті.

🔰Іс-шараға колледж директоры Дінмұхаммет Абдужаппарұлы, колледж әкімшілігі, топ жетекшілері және жалпы ата-аналар қатысты.

🔰Жиналыста күн тәртібіндегі бірнеше мәселелер қаралды: 1. Ішкі тәртіп ережесі; 2.Кітап және қосымша сабақтар; 3. Тамақтану, күнделікті ас мәзірі сонымен қатар сырттан тамақтану; 4. Форма және телефон өткізу жөніндегі мәселелер қаралды.

🔰Оқу ордасының білім беру бағдарламасындағы жаңа өзгерістер жайында ақпараттар айтылды.

🔰Сондай-ақ ата-аналар тарапынан да қатысушылар сөйлеп, болашақ маман дайындауда ауқымды жұмыстар атқарып жатқан медресе колледж ұжымына алғысын білдірді. Жиын соңында колледж басшысы бəсекеге қабілетті тұлға, дініне, еліне қызмет етер шәкірт даярлауда ата-аналарды бірлесе жұмыс жасауға шақырды.