С: Қандай сумен дәрет алуға болады?

Ж: Дәрет жаңбыр, еріген қар, теңіз, көл, жылға, бұлақ, құдық суларымен алынады. Тұщы суды да дәрет алуға қолдануға болады. Таза нәрсе араласқан су да дәрет алуға жарайды. Мысалы: топырақ, сабын немесе иісті таза нәрсе араласқан суға дәрет алуға болады.

С: Қандай сумен дәрет алуға болмайды?

Ж: Ағаштан немесе жемістен сығып алынған, табиғи түрінен ажырап исі, дәмі, түсі өзгерген (мысалы: ішімдікке, сірке немесе сорпаға айналған) сулармен дәретте, ғұсылда алу дұрыс емес.

С: Дәрет алу үшін пайдаланған сумен қайта дәрет алуға бола ма?

Ж: Мұндай сулармен дәрет, ғұсыл алынбайды.

С: Сонда қалай? Бұрын қолданылған су таза болмағаны ма?

Ж: Ол су нәжісті кетіру үшін қолданылмаған болса таза саналады. Демек, ол сумен қайта дәрет алынбағанмен, ондай су дәрет немесе ғұсыл алғанда киімге шашыраса, тамшыласа, төгілсе, бір заты оған түсіп кетсе, ол былғанған болып есептелмейді.

Related Post

Олжабай ата Меккеге велосипедпен барадыОлжабай ата Меккеге велосипедпен барады

76 жастағы велосаяхатшы Олжабай Смағұлов таңқаларлық велосаяхатты көздеп отыр. Ол өзінің екі доңғалақты арбасымен Қарағандыдан тұп-тура Саудия арабстаны және БАӘ – дегі қасиетті орындарға баруға шешім қабылдады.