MEDRESE.KZ Жаңалықтар Судың нәжіс болуымен тазалануы

Судың нәжіс болуымен тазалануы

С: Суға бірдеме түссе, тазалығы бұзылама?

Ж: Алла тағала  суды таза күйінде әрі басқа нәрселерді тазалау үшін жаратты. Бірақ оған аз ба, көппе былғанған зат түссе, тазалық бұзылады. Пайғамбарымыз с.а.у суды таза ұстап, сақтауды бұйырып: «Суға дәрет сындырмаңдар оған жуынасыңдар», «Кімде-кім таң ертең ұйқыдан тұрысымен қолын үш рет шайып жумай, дәрет су құйылған ыдысқа қолын салмасын. Өйткені, ұйықтап жатып, қолымен не ұстағанын білмей қалады ғой»,— дейді. Демек, мұндай жағдайларда су нәжіс үкімінде, онымен кіші дәрет, ғұсыл алуға болмайды.

С: Фақиһтер (шариғат ғалымдары) нәжіс түскен әуізден (тұрғылықты су) дәрет алу туралы не дейді?

Ж: Егер нәжіс түскен көлшіктің (үлкен әуіздің) бір жағын толқытқанда, екінші жағы толқымаса, таза жағындағы суға дәрет алуға болады. Өйткені, нәжіс әсері ол жаққа жетпейді.

С: Нәжіс түскен ағын сумен дәрет алуға болама?

Ж: Ағын суға нәжіс түссе, оның әсері байқалмаса, оған дәрет немесе ғұсыл алу дұрыс саналады. Себебі, ағын судағы нәжіс бір жерде тұрып қалмайды.

С: Судағы жануар өлексесі суды былғайма?

Ж: Иә, денесінде аққан қаны бар құстың немесе төрт аяқты жануардың өлігі суды нәжіс етеді, яғни ластайды. Суда өліп қалған балық, бақа сияқты су жануарларының өлігі суды ластамайды. Сондай-ақ, суға түскен шыбын, құмырсқа, шаян сияқты денесінде қаны жоқ жәндіктердің өліктері де суды былғамайды.

Related Post

Мемлекеттік емтихан тапсырдыМемлекеттік емтихан тапсырды

Алланың Елшісіне (Оған Алланың игілігі мен сәлем болсын) ең алғаш түскен: «Оқы! Сені жаратқан Раббыңның атымен оқы!», – деп басталатын «Алақ» сүресінің алғашқы аяттары еді. Яғни, Жаратқан Иенің атымен оқу,

Астана медресе-колледжінде семинар болып өтті!Астана медресе-колледжінде семинар болып өтті!

15-16 наурыз күндер аралығында Елордадағы Астана медресе-колледжінде «Модульдік-құзіреттік тәсіл негізінде, кәсіби мамандарды даярлау» тақырыбында «Дінтану және теология» бейіні бойынша республикалық семинар-кеңеске колледжіміздің білікті мамандыры Жакипов Жүсіпхан, Қалмұратов Темур қатысты. ҚМДБ

Тәжікстан президенті тек қыздар гинеколог болуы керек дейдіТәжікстан президенті тек қыздар гинеколог болуы керек дейді

Тәжікстан президенті Имомали Рахмон, тәжікстан халқының діндарлығын ескере отырып, акушер гинеколг тек әйелдер болуы керек еркектер емес дейді. Бұл жайында «Интерфакс» хабар берді.