MEDRESE.KZ Жаңалықтар Қадірлі отандастар!

Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Біздің бабаларымыз төл жаңа жылымыздың бастауы саналатын, табиғатқа жан бітіріп, тіршілікті түлететін Наурыз мейрамына ерекше мән берген. Себебі бабаларымыз Наурызды – жаңашылдыққа ұмтылудың, жаңғырудың нышаны деп қабылдаған. Содан болар, берер тағылымы мол, тарихы тереңде жатқан Наурыз мейрамын ел болып асыға күтеміз.

Ежелден игі дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – ізгілік пен мейірімнің мейрамы. Өйткені бұл күні халқымыз бұлақтың көзін ашып, ағаш егіп, бір-бірін құттықтап, бір-біріне ізгі тілегін арнайды. Ренжіскендер бір-бірін кешіріп, мейірімділік танытады.

Ақсақалдардың «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!» деген тілегінің тағылымы зор.

Ардақты ағайын!

Осынау шуақты мерекеде әр отбасыға бақыт пен бірлік, татулық пен бар жақсылықты тілеймін. Алла Тағала халқымызға амандық, жұртымызға тыныштық нәсіп етсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Әмин!

Related Post

АшуланбаАшуланба

Бір күні пайғамбарымызға (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) бір тайпаның көсемі келеді. Қайтарында: «Мырзам, маған бір насихат беріңіз!» деп сұрайды. Пайғамбарымыз алейһисалам оған: «Мұқият бол, Ашуланба!» дейді. Тайпаның көсемі бұл қысқа

Нәжістену (Былғану, арамдалу) және олардан тазалануНәжістену (Былғану, арамдалу) және олардан тазалану

С: Нәжістің қандай түрлері бар? Ж: Нәжіс екі түрлі: ауыр нәжіс және жеңіл нәжіс. Адамның денесінен шығып дәрет, ғұсыл алуға себеп болатын нәжістер яғни тезек, зәр, мәни (сперма), мәзи, уәди

Сарыағаш медресе колледжінің ұстаздары біліктіліктерін арттырдыСарыағаш медресе колледжінің ұстаздары біліктіліктерін арттырды

Сарыағаш медресе колледжінде «Таlap» КЕАҚ ұйымдастыруымен 09.02-23.02.2022ж. күндер аралығында «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім беру процесін академиялық дербестікті есепке ала отырып модельдеу» бағдарламасы бойынша колледждің