MEDRESE.KZ Жаңалықтар Ашуланба

Бір күні пайғамбарымызға (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) бір тайпаның көсемі келеді. Қайтарында: «Мырзам, маған бір насихат беріңіз!» деп сұрайды.

Пайғамбарымыз алейһисалам оған: «Мұқият бол, Ашуланба!» дейді.

Тайпаның көсемі бұл қысқа ғана насихатқа таң қалып, ауылына қарай беттейді. Ауылына келсе, ауыл тұрғындарының жасақтанып жатқанын байқайды. Олардан алаңдаумен сұрайды:

— Тыныштық па, не болды?
- Біздің жастарымыз көрші тайпаның малдарынан бірнешеуін ұрлапты. Олардың қаруланып бізге келетіндерін ойлап, қорғану үшін жасақтанып жатырмыз,- дейді.
— Демек бізге шабуыл жасамақшы ма,- деп айбаттанып, тайпаның көсемі де қаруланады. Дәл сол сәтте пайғамбарымыздың алейһисалам насихаты есіне түседі.
Дереу тәубе етіп, қару жарақтарын тастап, тұрғындарға былай дейді:
— Мен қазір арғы тайпаға барып сөйлесемін. Келіспесе де жоғалтарымыз жоқ.
Арғы ауылға жақындағанда, сол ауылдың тұрғындары таңырқап, оны көсемдерінің жанына алып барады. Көсемдерімен сәлемдесіп былай дейді:
— Біздің жастарымыз сендердің малдарыңа зиян келтіріпті. Қателік бізден. Барлық шығындарды мен өтеймін. Осының кесірінен қан төгілмеуі тиіс.
Арғы көсем бұл кең пейілділіке қатты риза болып:
- Олай болса мен де барлық нұқсандарды кештім,- дейді.
Осылайша қан төгілмей араларында бейбітшілік орнайды.

Related Post

ПЕДАГОГТАРДЫ АТТЕСТАТТАУДАН ӨТКІЗУ ТӘРТІПТЕРІ МЕН ЖАҢА ПОРТФОЛИО БӨЛІМДЕРІНІҢ МАЗМҰНЫПЕДАГОГТАРДЫ АТТЕСТАТТАУДАН ӨТКІЗУ ТӘРТІПТЕРІ МЕН ЖАҢА ПОРТФОЛИО БӨЛІМДЕРІНІҢ МАЗМҰНЫ

Сарыағаш медресе колледжі әдіскері Қалмұратов Темур колледж ұстаздарына «ПЕДАГОГТАРДЫ АТТЕСТАТТАУДАН ӨТКІЗУ ТӘРТІПТЕРІ МЕН ЖАҢА ПОРТФОЛИО БӨЛІМДЕРІНІҢ МАЗМҰНЫ» тақырыбында әдістемелік семинар өткізді.

⚜️Алла Тағаланы сүю және оның сүйіспеншілігін табу оңай шаруа емес. Бұған қол жеткізу үшін соған лайықты амалдар жасау, соған лайықты рухқа ие болу қажет.⚜️Алла Тағаланы сүю және оның сүйіспеншілігін табу оңай шаруа емес. Бұған қол жеткізу үшін соған лайықты амалдар жасау, соған лайықты рухқа ие болу қажет.

🔰Осы жайында 7-қараша күні Сарыағаш медресе-колледжінің директоры Дінмұхаммед Абдужаппарұлы шәкірттерге “Алланың сүйген құлдары” жайында керемет уағыз-насихат айтты. 🔰Уағыз кезінде шәкірттерге Құран аяттарынан, хадистерден мысал келтіріліп, насихатты одан сайын маңызын айқындады.

ҚМДБ: «РАНТ және ЖАНТ тұғырнамасы» қабылданды.ҚМДБ: «РАНТ және ЖАНТ тұғырнамасы» қабылданды.

⚜️Бүгін Алматыда өтіп жатқан Республикалық ақпараттық-насихат тобы мүшелеріне арналған семинарда ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы «РАНТ және ЖАНТ тұғырнамасын» таныстырды. 🔰«Біз өткенде арнайы тұғырнаманы бекіттік. Сіздер әртүрлі ортада жүресіздер. Жамағатпен