MEDRESE.KZ Жаңалықтар,Хабарландыру САРЫАҒАШ МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІНДЕ ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР ҮШІН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ!

САРЫАҒАШ МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІНДЕ ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР ҮШІН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ!

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен 2022 жылғы 15 қараша күні республика бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында өткізілетін «Жұмыс беруші күні» ашық есік күні өтеді. ҚМДБ-ның Түркістан облысы бойынша өкілдігі, аудандық орталық және қалалық мешіттерінің бас имамдарын шақырамыз.
Шараны өткізу мақсаты — кадрларды даярлау сапасын жақсарту, кәсіпорындар мен колледж арасында тиімді қарым-қатынасты орнату.

Қатысушы өкілдер:

  • қамқорлық алған кәсіпорындар (ұйымдар);
  • мақсатты кадрларды даярлауға қатысатын кәсіпорындар;
  • колледжбен ынтымақтасуды жоспарлап отыратын кәсіпорындар;
  • жергілікті атқарушы органдар;
    Жұмыс берушілермен кездесу бағдарламасы (өңірлік білім басқармасымен келісіліп ТжКБ ұйымының басшысымен бекітіледі).
    Жұмыс берушілермен кездесу бағдарламасына мынадай іс-шараларды енгізу ұсынылады:
    1) жұмыс берушілер үшін колледж бойынша танысу экскурсиясы (оқу кабинеттері, зертханалар, «Жас маман» жобасы бойынша құзыреттілік орталықтары);
    2) оқытушылар мен студенттердің жұмыс берушілермен диалог алаңында кадрларды даярлаудың өзекті мәселелері бойынша кездесулері;
    3) кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасау үшін қажетті негізгі нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру;
    4) «Жұмыс беруші мен жас маманның жұмысқа қабылдау жөніндегі келіссөздері», кәсіпорындармен танысу экскурсиялары өткізу;
    5) Жұмыс беруші серіктес мекемелермен бірлесе отырып, білікті маман даярлау сапасын жақсарту мақсатында студенттердің іс тәжірибеден өтуі жайлы келісімшарттармен ұсыныстарты талқылау;
    6) Түлектерді жұмысқа алу жолдары мен туындайтын кедергілерді шешу жолдарын талқылау;
    7) Меморандумдар мен келісімдерге қол қою;

Related Post

Құдықты нәжістерден, лас-кір заттардан тазалауҚұдықты нәжістерден, лас-кір заттардан тазалау

 С: Құдық суы таза екені атап өтілді. Дегенмен, оған нәжіс түссе қалай тазаланады? Ж: 1) егер құдыққа кір-қоқыс түссе немесе оның ішіне әлдебір жануар түсіп, өліп қалса, оның ішіндегі барлық