MEDRESE.KZ Жаңалықтар Екі қыздың оразасы

Пайғамбарымыз с.а.у бір күні сахабаларына ораза ұстауды бұйырып, артынша былай қатаң ескерту жасады: — Мен рұқсат етпейінше кешке ешкім ауыз ашпасын! Елдің бәрі жаппай ауыз бекітіп, ораза ұстады.
Кеш түскенде жеке-жеке келіп, ауыз ашуға рұқсат алып жатты. Дәл осы тұста бір кісі жақындап келіп: — Уа, Расулуллоһ с.а.у ! Екі қызым да күні бойы ораза ұстаған еді. Ұялғандықтан өздері келіп сізден рұқсат сұрай алмады. Рұқсат етсеңіз, оразаларын аяқтап ауыздарын ашса жақсы болар еді,- деп өтініш білдірді. Алайда Пайғамбарымыз с.а.у оған рұқсат бермеді. Әлгі кісі тағы екі рет келіп рұқсат сұрады. Үшінші рет келгенде Пайғамбарымыз с.а.у: — Өкінішке орай, олар бүгін ораза ұстаған жоқ. Күні бойы «кісі етін жеген» (әркімнің сыртынан өсек айтып, ғайбат сөйлеген) адам қайтіп ораза ұстасын?! Бар да оларға айт: егер ниет етіп ораза ұстағандары рас болса, дереу құсып асқазанындағының бәрін шығарсын, — деді. Әлгі кісі қыздарына Пайғамбарымыздың с.а.у айтқандарын айна қатесіз жеткізді. Олар пайғамбарымыздың бұйрығын дереу орындап, өздерін күштегенде кесек – кесек қан құсты. Әлгі кісі келіп бұл жайды Пайғамбарымыз с.а.у айтқанда, ол: — Құдіреті күшті Аллаһ тағалаға ант етейін, егер олар әлгі ұйыған қанды құсып тастамай, асқазанда сол күйі қалып кеткенде. Тозақ отына отын болар еді,- деді. Иә, тек тамаққа ғана емес, тілге де , көзге де, аяққа да, қолға да ораза болса, сонда ғана ол нағыз ораза болмақ.

Related Post

Литваның бұрынғы президенті мұсылман отбасыларынан ғибрат алуға шақырдыЛитваның бұрынғы президенті мұсылман отбасыларынан ғибрат алуға шақырды

Литва респупбликасына 8жыл (1999-2007) ішінде басшылық жасаған бұрынғы президент Вайра Вике- Фрецберга ханшайым заманауи еуропаша отбасы моделінің орнына отбасы және перзент мәселесінде Ислам отбасы ұстын екендігін ойлап көруге шақырды деп

«Парасаттылық адал ұрпақтың айнымас серігі» атты «адалдық сағаты» өткізілді.«Парасаттылық адал ұрпақтың айнымас серігі» атты «адалдық сағаты» өткізілді.

⚜️Білім ордасы ол шәкіртті білім нәрімен ғана емес рухани тәлім-тәрбие де беретін ұлы мекен. 🔰Осыған орай 28.09.2023 жыл білім басқармасының тапсырмасымен Сарыағаш медресе колледжімізде «Парасаттылық адал ұрпақтың айнымас серігі» атты