MEDRESE.KZ Жаңалықтар Наиб мүфти медресе шәкірттеріне насихат айтты

Наиб мүфти медресе шәкірттеріне насихат айтты

Елге танымал ғалым, найб мүфти, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің мүшесі, шариғат және пәтуә бөлімінің меңгерушісі Сансызбай қажы Құрбанұлы «Сарыағаш медреседе» колледжіне арнайы ат басын бұрып, студенттермен кездесу өткізді. Кездесу барысында колледж студенттеріне (білім алудың артықшылығы, Иманның ләззаты, ұстаздарды құрметтеу, ілім алу жолында табандылық таныту, қазақ зиялыларының дінге деген көзқарастары т.б) тақырыптар аясында уағыз-насихат айтып, шәкірттерге ынта-жігер сыйлады.

Related Post

Туған жерТуған жер

Сарыағаш медресе колледжінде белгілі тарихшы, шежіреші, публицист, Әлем Халықтары Жазушылары одағының және Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Әлем Халықтары Жазушылары одағының ОҚО бас өкілі Момбек Әбдәкімұлымен студенттермен кездесу болып өтті.