MEDRESE.KZ Жаңалықтар Туған жер

Сарыағаш медресе колледжінде белгілі тарихшы, шежіреші, публицист, Әлем Халықтары Жазушылары одағының және Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Әлем Халықтары Жазушылары одағының ОҚО бас өкілі Момбек Әбдәкімұлымен студенттермен кездесу болып өтті.

Жазушы ағамыз іс-шара басталмас бұрын колледжіміздің оқу базасымен және кітапханасымен танысып шықты. Сондай-ақ қадірлі қонағымыз Момбек Әбдәкімұлына сөз берілді. Тарихшы ағамыз Сарыағаш қаласының тарихы жайлы және өткен тарихымызды, Тәуелсіздік жолындағы қиын-қыстау уақыттар жайлы сыр шертті. Студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, жазушы ағамыз барлық сұрақтарға студенттердің көңілін толтыра жауап берді. Жиын соңында колледж кітапханасының қорына өзінің еңбектерінен: «Зобалаң», «Қазығұрт ауданының тарихы», «Түркістан өлкесіндегі ойран» атты туындыларынан 2-3 данадан табыстады.
Колледжіміздің атынан ағамызға Аллаһтың кәләмі «Құрани Кәрім» және Пайғамбарымыздың өмір тарихы » Адамзаттың асыл тәжі» кітаптары табысталып, алғыс хат берілді.

Related Post

⚜️Сарыағаш медресе колледжімізде шағын футболдан “Колледж лигасы” бастау алды!⚜️Сарыағаш медресе колледжімізде шағын футболдан “Колледж лигасы” бастау алды!

🔰Ұстаздар, тәрбиешілер және студенттер арасында өткізілетін бұл жарыс наурыз айына дейін жалғасын табады. 🔰Жеңімпаз командаларды дипломдармен және арнайы қомақты сыйлықтармен марапатталады. 🔰Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Бітіруші 2015Бітіруші 2015

«Расында, қымбат уақыт жұмсалғандардың ең абзалы және артықша көңіл аударылғандардың ең жоғарысы – Аллаһ жаратқандардың ең жақсысы Пайғамбардан (с.а.с.) жеткен шариғат білімдерімен айналысу. Парасатты адам бұл шариғат білімдерінің белқазығы –