MEDRESE.KZ Жаңалықтар Егін мен жеміс-жидек зекеті

С: Егіс пен бау – бақша өнімдерінен зекет беріле ме?

Ж: Иә, беріледі. Жер өнімінің суғарылуына қарап, оннан бірі (ұшырдан) немесе бірінің жартысы зекет ретінде беріледі.

С: Мұның нисабы бар ма?

Ж: Әбу Ханифаның  (р.а) пікірінше, нисабы жоқ. Жерден өнген барлық нәрседен көп болсын немесе кем болсын зекет берілуі керек. Тек ағаш, қамыс, шөптен зекет жоқ. Имам Әбу Иусуф (р.а) пен имам Мұхаммедтің (р.а) пікірінше, егіс өнімі сақталса (бидай,арпа сияқты) және бес саусақ өлшеміне жетсе ғана зекет беріледі. Бұл екі имам құзырында жеміс – жидектердің зекет садақасы болмайды.

С: Уасақ (аусақ) дегеніміз не?

Ж: Ол мадиналықтардың өлшем ыдысы, оған 60 (алпыс) «саа» сияды.

С: Ұшыр немесе оның жартысы қашан уәжіп саналады?

Ж: Егер ағын немесе жаңбыр суымен суғарылса, онда ұшыр яғни оннан бірі – уәжіп. Ал егіс  жасанды суғарылса, яғни шелекпен, өгізбен немесе түйемен тасып немесе құдықтан қолмен тартып шығарумен немесе су диірменімен суғарылса, оннан бірінің жартысы парыз.

С: Мақта сияқты уасақпен өлшенбейтін егіс өнімдері үшін берілуі тиіс зекет түрлері туралы не айтар едіңіз?

Ж: Имам Әбу Иусуфтың (р.а) айтуынша, мақта сияқты «уасақпен» өлшенбейтін өнімдерден де оннан бірі (ұшыр) – уәжіп, егер мақтаның құны 5 (бес) «уасақ» жеміс – жидектің ең төмен құнына теңессе, ұшыр беру уәжіп (Мысалы, тары ең арзан егін). (Мақтадан сауда тауары сияқты құнынан беру керек деген пікір айтушылар да болған.) Имам Мұхаммедтің (р.а) пікірі бойынша, мақта  секілід өнімдердің салмағы арнайы өлшенетін жоғарғы өлшемнің бесеуіне жетсе, ұшыр уәжіп. Сонда Мақта 5 (бес) «хәміл» (бұл мақта өлшемі, бұл өлшем 300 (үш жүз) «манға» тең) өлшеміне жетсе ұшыр алынады.

С: Балдан ұшыр беру парыз ба?

Ж: Әбу Ханифаның  (р.а) пікірінше ұшыр алынатын жерде бағылған бал араның балынан ұшыр – уәжіп. Әбу Иусуфта (р.а) балдың салмағы 10 (он) «қирабқа» (50) «ман» жетпейінше одан ұшыр жоқ дейді. Имам Мұхаммедтің (р.а) айтуы бойынша, балдың салмағы 5 (бес) «фараққа» жетсе ға ұшыр беріледі.

C: Фарақтың салмағы қанша?

Ж: Ирақтықтарда 36 «Ратыл».

С: «Хираж» алынатын жерде (өзге дін өкілдері қолданып, бірақ жер мұсылмандарға қараса) өскен өнімнен ұшыр зекеті алына ма?

Ж: Ол жерден ұшыр алынбайды, олардан «хираж» алуымен шектеледі.

С: Ұшыр берілетін өнім үшін кеткен қаражатты, мәселен істеген жұмысшылардың ақысын бөліп алып, кейін қалғанына ұшыр бере ме?

Ж: Ұшыр берілетін өнімнен жұмсалған қаражат бөліп алынбайды. Жерден алынатын барлық өнімнен ұшыр немесе оның жартысы беріледі.

Related Post

⚜️Тәуелсіздіктің 32 жылдығына орай «Сарыағаш медресе» колледжі студенттері арасында “Құран” жарысы өткізілді.⚜️Тәуелсіздіктің 32 жылдығына орай «Сарыағаш медресе» колледжі студенттері арасында “Құран” жарысы өткізілді.

🔰Жарысты ұйымдастырудығы басты мақсат студенттердің Құран жаттауға болған махаббаттарын арттырып, ынта-жігерлерін ояту. Аталған жарыста жүлделі орныдарға табан тіреген жеңімпаздарды колледж директоры Дінмұхаммед Абдужаппарұлы марапаттап, сый сияпаттар табыстады. 🔰Құран жаттаушы ұл-қыздарымыздың

Бас мүфтидің ел халқына ҮНДЕУІБас мүфтидің ел халқына ҮНДЕУІ

Мейірімді, рақымды Алланың атымен бастаймын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ хазреттің қасиетті Рамазан айына байланысты ел халқына ҮНДЕУІ   Құрметті бауырлар! Мұсылман қауымының ұлық мерекесі

Найб мүфти Сарыағаш медресе колледжінде болдыНайб мүфти Сарыағаш медресе колледжінде болды

Сарыағаш медресе колледжінде, ҚМДБ-ның төраға орынбасары, найб мүфти Бауыржан Есмахан және ҚМДБ мешіт істер бөлімінің меңгерушісі Жәнділлә Бекжігіт, ОҚО өкіл имамы Бейсенбаев Бақтыбай Қыдырбайұлы колледжіміздің тыныс тіршілігімен танысып қайтты. Найб