MEDRESE.KZ Жаңалықтар Бір жас жігіт

Бір жас жігіт Қағбада «Ей дұрыстардың көмекшісі болған Аллаһым! Ей харамдардан сақтанғандардың көмекшісі болған Аллаһым саған шүкір етемін!» деп қайталай береді. Біреу келіп «неге қайта қайта бір дұғаны қайталай бересің одан басқа ешнәрсе білмеймісің?» деп сұрайды. Оған былай деп түсіндіреді: “Осыдан 7-8 жыл бұрын Қағбада жүргенде ішінде мың алтыны бар қалташық тауып алдым. Ішімнен бір дауыс «бұл алтындармен мына мына нәрселерді жасайсың!» деп құтыртып жатқан еді. Өз-өзіме «жоқ, бұл меніңкі емес, біреудің затын қолдануым харам болады” дедім. Осы кезде біреу «Мынадай қалташық тауып алған адам бар ма?» деп айғайлап жүр еді. Оны шақырдым. Қалташықтың қандай екенін суреттеді және ішінде 1000 алтын бар» деп айтты. Қалташығын бердім. Ол да маған қалташықтан шығарып 30 алтын берді.Базарға бардым. Таза реңді бір жас тұтқын баланы мақтап сатып жатқан еді. Ол жас баланың тазалығы менің назарымды тартты. «Бұл тұтқын үшін қанша сұрайсың?» дедім. 30 алтын деп жауап берді. Алтындарды беріп ол жас баланы сатып алдым. Арадан бір-екі жыл өтті. Жас бала өте еңбекқор және әдепті еді.Бір күні онымен кетіп бара жатқанда алдымыздан үш кісі келе жатқанын көрдік. Жас жігіт маған «Мырзам, мен Фас әміршісінің баласымын. Мына келе жатқандар әкемнің адамдары. Мені іздеп жүргендер. Сенен мені сатуыңды сұрайды. Сен жақсы адамсың, 30 000 мың алтыннан төмен сатпа!» деді. Үш кісі қасымызға келіп «бұл тұтқынды бізге сатасың ба?» деді. «Сатамын бірақ 30 000 алтыннан төмен болмайды» дедім. Біраз саудаласып болмаған соң амалсыз қабыл етті. Алтындарды беріп жас жігітті алып кетті.Мен бұл алтындармен жұмыс орындарын ашып сауда-cаттықпен айналысып одан да байып кеттім. Бір күні туыстарым «Өте бай бір отбасының жақсы бір қызы бар. Әкесі жақында қайтыс болды. Онымен сені үйлендірейік» деді. Мен де «болады» деп жауап бердім.Неке қиылды. Түйеге артылып қыздың жасауын алып келді. Жасауының арасынан бір қалташық менің назарымды тартты. Жұбайыма «бұл не?» деп сұрадым. «Ішінде 970 алтын бар, әкем бір кездері Қағбада жоғалтқан екен. Тапқан адамға 30 алтынын беріпті. Қалғанын маған сыйлады, жасауыңа қосарсың деді.» деп жауап берді.Демек бұл алтындар менің рызығым екен. Қайтарып бермегенімде харам жолдан келер еді. Қазір болса халал жолдан қайта өзіме келді. Маған көмектесіп харамдардан қорғаған, көптеген ниғметтер сыйлаған Раббыма шүкір етемін… Ащы да болса шындықты айтыңдар. Бәрібір тағдырға жазғанын көресің… Несібеңнен артығын көрмейсің…

Асылдын.кз діни ақпараттық порталы

Related Post

Жастар арасындағы әскери патриоттық клуб мүшелеріЖастар арасындағы әскери патриоттық клуб мүшелері

Жастар арасында патриоттық тәрбиені жандандыру, Отан қорғауға деген сүйіспеншілікті арттыру және кеңінен насихаттау мақсатында облыстағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының әскери патриоттық клуб мүшелері арасында «Жас

АДАМҒА АЛҒЫС АЙТПАҒАННЫҢ, АЛЛАҒА ШҮКІРІ ЖОҚАДАМҒА АЛҒЫС АЙТПАҒАННЫҢ, АЛЛАҒА ШҮКІРІ ЖОҚ

Алғыс айту – халықтың жан ділі психологиясының қуатты болмысын дәлелдейтін, ризалық сезімін білдіретін бата-тілек дәстүрі. Белгілі әдебиеттанушы, тілші ғалым Ахмет Байтұрсынов: «Бата – біреуге алғыс бергенде айтылатын сөз» – деген

«НАМАЗ» тақырыбында уағыз насихат айтылды«НАМАЗ» тақырыбында уағыз насихат айтылды

Сарыағаш медресе колледжінің директоры Д.Сманов 03.05.2022 ж колледж шәкірттеріне «НАМАЗ» тақырыбында уағыз насихат айтты. Намаз – діннің тірегі, құлшылықтың ең абзалы. Исламның негізгі бес парызының бірі. Намаз – өзін мұсылман