MEDRESE.KZ Жаңалықтар Әр бір істе бір қайыр бар

Ертеде Африкадағы бір аймаққа билік жүргізген бір патша болыпты. Патша кішкене кезінен бірге өскен құрбы досын ешқашан қасынап тастамай алып жүретін. Сол досының ешкімге ұқсамайтын бір мінезі бар еді. Өзінің басына келген қандай да бір іс немесе қандай да бір адамның жамандыққа ұрылуы мен жақсылыққа қарай бет алғанына бір ғана сөз айтатын:« Мұнда да бір қайыр бар!» Бір күні патша мен досы аң аулауға шығады.
Патшаның досы мылтықты октап патшаға беріп тұрды, патша дайын шүріппені басып отыра берді. Досы мылтықты оқтап жатқанда, белгісіз-бір себептермен шүріптсрді басқанда мылтық атылып кетіп, патша бас бармағынан айырылып қалды. Мұны көрген досы әдеттегі сөзін айтты: «Мұнда да бір қайыр бар!» Сонда патша ашу шақырып, досын зынданға тастаткызды. Араға бір жыл салып, патша адам жейтін тайпалардыц қоныстанған аймағына аңшылыктың кызығымен кіріп кетеді. Олар ол жерлердің қауіпті екенін жақсы білетін. Жабайы тайпалар оларды ұстап алып, ауылдарына алып барды да қол-аяқтарын байлап, ауылдың ортасына отын жинады. Оларды отындардың ортасына мықтап тұрып байлады. Байлап жатканда араларынан біреуі патшаның бір саусағындағы кемістікті байқап қалды. Ол тайпалардың нанымдарында кеміс адамдарды жеу, басқа бәлекет әкеледі деген сенім бар еді. Сөйтіп патшаны босатып жібереді. Ал қалғандарын отқа қақтап жейді. Саусағының кемтарлығының арқасында өлімнен аман-есен үйінеоралған патша төбесі көкке жетердей қуанды. Айрылмас досын сол үшінзынданға тастағанына да қатты өкініп, қателігін түсінді. Дереу зынданға барып, досына болған жайттың барлығын айтып берді.

—    Сен сонда дұрыс айтқан екснсің! — деді де, сөзін былай сабақтады: саусағымның жұлынып кеткендігінің түбінде терең мән бар екен. Мен оны кеш түсіндім. Сені зынданда қамап ұстағаным үшін кешірім өтінем. Саған опасыздық жасаппын».

-Жоқ қаталесесің. Мұндада бір қайыр бар,-деп жауап бергенде патша таң қалып:

—       Сен осы жынданғаннан саумысың? Досын зынданға қамап тастағанның қай жерінде қайыр бар? — дегенде, досы былай деп жауап берген екен:

—    Егер мен зынданда отырмағанда. сенімен бірге аңға шыққан болар едім. Солай емес пе? Одан ары не боларын сен айта ғой!

Related Post

Құран жарысыҚұран жарысы

Алла тағала: «Расында Құранды Біз түсірдік, Біз оны қорғаушымыз» («Хижр» сүресі, 9-аят), – десе, сүйікті пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өз хадис шәріпінде: «Сендердің ең жақсыларың  Құранды үйреніп (жаттап), басқаларға үйреткендерің», – деп

Еңбек күніне” орай өткізілген бұл шараЕңбек күніне” орай өткізілген бұл шара

⚜️Ерен еңбегімен ел есінде қалған тыл ардагерлерінің есімін келешек ұрпаққа ұмыттырмау мақсатында еңбек ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды. 🔰28-қыркүйек “Еңбек күніне” орай өткізілген бұл шара өскелең ұрпаққа берері мол. 🔰Шәкірттеріміз өзі емес