Ағылшынның «Арсенал» футбол клубының жартылай қорғаушысы Франция құрамасының ойыншысы Вассирики Абу Диаби қасиетті құран сүрелерін жаттап жүр деп хабарлайды Azan.kz.
27 жастағы ивуарлық тектің футболшысы күзде жарақат алып, бос уақытын пайдаланып Қасиетті құран сүрелерін оқуды жалғастыруға ұйғарды. Абу Диаби құран сүрелерін жаттағаны үшін кезектегі кішігірім мерекесін ұйымдастырып, футбошының досы Мухаммад бин Адам туиттер бетіне суретін жариялады.
«Бұл суретте мен досым Абу Диабимен есеп бойынша 19 шы параны жаттағаны үшін мерекелік кешкі асты күтіп отырмыз» деп өз суретіне пікір білдірген Мухаммад бин Адам.