2021жыл 20-24 шілдеде, Қырғызстан Республикасында өткен Пенчак Силат бойынша IІ ашық Орта Азия жағажай турнирінде Тайландтағы Азия жағажай ойындарына саралау байынша Сарыағаш медресе колледжінің 3 курс студенті Ізімбай Абдірахман 85+ салмақта күш сынасып, жүлделі күміс алқасын иеленді. Алла Тағала білегіне күш, жүрегіне иман беріп, өмір жолында сүріндірмесін. Алдағы уақытта Қазақ елінің туын желбіретіп жүре берсін.