MEDRESE.KZ Жаңалықтар Латын әліпбиі Рухани тәуелсіздікке жасалған жарқын қадам

Латын әліпбиі Рухани тәуелсіздікке жасалған жарқын қадам

Сарыағаш медресе колледжінде «Латын әліпбиі – өркениет жолы» тақырыбында семинар болып өтті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұралы Қадырбекұлы латын әліпбиі туралы қысқаша баяндап семинарды ашып берді. Әрі қарай студенттердің баяндамаларына кезек берілді. Баяндамаларын оқу барысында латын әліпбиіне қатысты мұғалімдер тарапынан сұрақтар қойылды. Одан әрі «Латын әліпбиіне ауысу – ұлттық сананың жаңғыруы» атты студенттердің пікірталасына кезек берілді. Сөз арасында қазақ тілі мен әдебиет пәні және тарих пәнінің мұғалімдері Елеусізова Данақыз бен Бурисова Перизат апайларымыз өз пікірлерінде білдіріп отырды. Студенттер арасында қызу талқыға түскен пікірталасымыздың соңында, олардың латын әліпбиін қолдайтынын байқадық. Сөз соңын тарих пәнінің мұғалімі Айбосинова Мейрамгүл «Латын әліпбиі – өркениет жолы» біз латын әліпбиіне көшу арқылы тәуелділіктен құтыламыз және әлемдік өркениетке қадам басамыз деп сөзін қортындылады.

Сарыағаш  медресе колледжі баспасөзі

 

Related Post

Оразаны бұзатын амалдарОразаны бұзатын амалдар

С: Қай амалдар оразаны бұзады? Ж: Дәнек немесе майда тас немесе темір бөлігін жұтып қойған және қан құйдырған адамның оразасы және қарнындағы немесе тамағындағы жараға сұйық дәрі тамызғанда ішіне өтіп

Көрші ақысыКөрші ақысы

Сарыағаш медресе колледжінің директоры Д.Сманов 15.03.2022 ж колледж шәкірттеріне “Көрші ақысы” тақырыбында уағыз насихат айтты.Асыл дініміз исламда көрші ақысына үлкен маңыз беріледі. Бұл жайында қасиетті аят, хадистерде көп өсиет айтылған.