Колледж студенттеріне ғалымдар күніне орай қазақтың тұңғыш академигі Қаныш Сатпаевтың өмір баяны еңбектері жайында видео мәлімет көрсетілді.Қаныш Имантайұлы Сәтбаев, шын есімі – Ғабдулғани[1] (12 сәуір 1899 жылы, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы – 31 қаңтар, 1964 жылы, Мәскеу) — геолог-ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик.Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, Кеңес Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш академик.