MEDRESE.KZ Жаңалықтар Шейх Мұхаммед Садық Мұхаммед Юсуф өмірден озды

Шейх Мұхаммед Садық Мұхаммед Юсуф өмірден озды

10- наурыз күні кешке Орта Азия мұсылмандары діни басқармасының бұрынғы муфтиі және Өзбекстан республикасының егемендік алған жылдардағы бірінші муфтиі  Шейх Мұхаммед Садық Мұхаммед Юсуфтың 63 жасында бұл өмірден өткендігі жайлы хабар таралды. Аз уақыт өтіп шейхтің жақын адамдары бұл жайсыз хабарды мақұлдады.

Белгілі болғандай ислам әлеміне өшпес із қалдырған шейх Шейх Мұхаммед Садық Мұхаммед Юсуф жүрек талмасынан өмірден өткен.

Кейбір хабарларға қарағанда оқиға сағат 20:00 шамасында Ташкент қаласындағы Ислам Университеті спорт залында баскетболмен шұғылдану кезінде болған.

Мәлімет үшін:

Шейх Мұхаммед Садық Мұхаммед Юсуф ибн Муҳаммад Али, 1952 жылдың 15-сәуірінде Андижан облысында дүниеге келген.

Шейх Мұхаммед Садық Мұхаммед Юсуф  Орта Азияда және ислам әлемінде ең танымал ғұламаның бірі еді. Шейх Мұхаммед Садық Мұхаммед Юсуф бастапқы кезде діни тәлімді әкесінен алған. Совет орта мектебін 1970 жылы жақсы бағамен бітіріп, Шейх Мұхаммед Садық Мұхаммед Юсуф Бұхара қаласындағы Мир Араб медресесіне қабылданды. Кейінірек Ташкенттегі Жоғарғы Ислам Университетінде білім алып,аталмыш оқу орнын 1975 жылы жоғары деңгейде бітіріп, 1976 жылы Шейх Мұхаммед Садық Мұхаммед Юсуф Ливиядағы ад- Даъваъ ал-Ислами Ұлттық Ислам Университетіне қабылданып және жақсы нәтижемен бітіріп шықты.

1997 жылы Шейх Мұхаммед Садық Мұхаммед Юсуф Сауд- Арабиясындағы Ислам ұйымы болған  Робита ал-Исламия (Мұсылман Әлемі Лигасы)  құрамындағы Мұсылман мемлекеттері және ТМД елдері федерациясына төраға болды. Шейх Мұхаммед Садық Мұхаммед Юсуф осы күнге дейін жоғарыда айтып кеткен ұйымға басқару кеңесінің мүшесі саналатын.

«Сарыағаш медресесі» www.medrese.kz сайтының ұжымы, шейх Мұхаммед Садықтың туыстарына, жақындары мен әріптестеріне және барша мұсылман қаумына көңіл айтады. Алла Тағала Өзінің Мейрімі және Кешірімімен  оның дәрежесін жоғарылатқан бойда, Өзінің Жәннатына мекендетсін. Әмин.

http://kun.uz/

Related Post

АшуланбаАшуланба

Бір күні пайғамбарымызға (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) бір тайпаның көсемі келеді. Қайтарында: «Мырзам, маған бір насихат беріңіз!» деп сұрайды. Пайғамбарымыз алейһисалам оған: «Мұқият бол, Ашуланба!» дейді. Тайпаның көсемі бұл қысқа

Бас мүфтидің ел халқына ҮНДЕУІБас мүфтидің ел халқына ҮНДЕУІ

Мейірімді, рақымды Алланың атымен бастаймын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ хазреттің қасиетті Рамазан айына байланысты ел халқына ҮНДЕУІ   Құрметті бауырлар! Мұсылман қауымының ұлық мерекесі

Түркістан облысында аттестаттау басталдыТүркістан облысында аттестаттау басталды

Биылғы сараптаудан өткізудің тәсілі бұрынғысынан өзгерек. Алып-қашпа әңгімеден аулақ болу үшін дін қызметкерлерінің білім деңгейін таразылауда ашықтықты қалыптастыру қолға алынды. Яки, бұдан былай тест электронды түрде тапсырылады.