ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен құрылған Республикалық ақпараттық-насихат тобы (РАНТ) өз жұмысын Оңтүстік Қазақстан облысында бастап кетті.

РАНТ мүшелері Әл-Азһар» университеті «Ислам шариғаты» факультетінің түлегі, «Әбу Ханифа» ғылыми зерттеу орталығының ғылыми қызметкері және ИБЖИ-ның ұстазы Жүсіпбеков Жасұлан, ОҚО Сарыағаш ауданына атбасын тіреп, ауданнның Мәдениет үйінде келелі кездесулер өткізді.Сонымен қатар ауданымыздағы, елімізге танымал «Сарыағаш медресесінде» болып «Ислам – бірлік пен ынтымақ кепілі» тақырыбында сөз қозғап, қазіргі күнде елімізде болып жатқан діни ағымдардың жетегінде кеткендердің білімсіздіктен екенін атап өтті, сөз соңында РАНТ жұмыстарының маңыздылығын түсіндірді.