Келелі кездесу

Бүгін, 2016 жыл 2 ақпанда дін саласы бойынша түсіндірме жұмыстар жүргізетін ақпараттық-түсіндірме тобы, Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы — А.Қозыбаев, аудандық орталық мешіттің наиб имамы — Т.Төлебеков, «Сарыағаш» мешітінің ұстазы — Е.Исламбектің қатысуымен Сарыағаш қаласындағы №135, М.В Ломоносов, А.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектеп оқушыларымен кездесу өтті. Жиын барысында «Дəстүрлі емес керағар діни ағымдардың кері жақтары», «ақпараттық жүйеде, яғни əлеуметтік желі құрбандары» тақырыптарында сөз болды.