MEDRESE.KZ Жаңалықтар Бір көзді ана

Анамның бір-ақ көзі болатын. Оны жек көретінмін, себебі оның бұл жағдайы мені қатты ұялтатын. Үйдегілерді бағып-қағу үшін мектепте аспазшы боп жұмыс істейтін. Бастауыш сыныпта оқып жүргенімде мені көруге келген еді, мен оны көрмегенсіп ол жерден қашып кеттім. Ертеңіне досым: «Сенің анаңның бір-ақ көзі бар екен ғой» дегенде, ұялғанымнан жерге кіріп кете жаздадым. Мұндай жағдайға түсіруге қалай ғана дәті барды екен? Кездескенімде ашуланып: «Мені осылай ұялтқанша, жоқ болғаның жақсы болар еді» дедім. Оған одан әрі шыдай алмас едім, қандай күйде болғаны еш ойыма кіріп шықпады. Қажырлы еңбектің арқасында үйленіп, үй болып Сингапурға орналастым. Анам бір күні немерелері мен жылдар бойы кермеген мені көру үшін Сингапурға келді. Балаларым оны көріп күле бастады. «Балаларды қорқытпай тез арада бұл жерден кет», — дедім. «Ғафу етіңіз, мекен жайдан жаңылысқан болармын», — деп кетіп қалды.

Бір күні мектеп түлектерінің бас косу кешіне шақыру келді. Әйеліме жұмыс бабымен кеттім деп, бұл кешке катыстым. Кештен кейін кызығушылық басып, ескі үйіме бардым. Көршілер анамның қайтыс болғанын және маған бір хат тастап кеткенін айтты. Хатында:

«Сүйікті ұлым! Бастауыш сыныпта сені ұялтқаным, Сингапурда балаларыңды қорқытқаным үшін өкінемін. Өмір бойы әрдайым сені ойладым. Жылдар бойы сен үшін ұяттың көзі болғаныма да өкінемін. Түлектердің бітіру кешіне келетініңе қатты қуандым, бірақ орнымнан тұрып, сені көре алар ма екенмін, білмеймін. Білесіңбе, кішкентай кезіңде бір қазаға ұшырап көзіңнен айрылдың, анаң ретінде сенің бір көзбен өмір сүруіңе шыдай алмас едім, осылайша бір көзімді саған бердім. Менің орныма дүниені керіп жүр деп, өмір бойы сені мақтан тұттым».

Саған деген сүйіспеншілікпен, АНАҢ!

Related Post

Құдықты нәжістерден, лас-кір заттардан тазалауҚұдықты нәжістерден, лас-кір заттардан тазалау

 С: Құдық суы таза екені атап өтілді. Дегенмен, оған нәжіс түссе қалай тазаланады? Ж: 1) егер құдыққа кір-қоқыс түссе немесе оның ішіне әлдебір жануар түсіп, өліп қалса, оның ішіндегі барлық

Балалар Құран жарысқа түстіБалалар Құран жарысқа түсті

Сарыағаш ауданы Жарты төбе ауылының балалары мешіттен дəріс алады. Олардың арасынан іркіліп шыққан 40 шəкірт Құран жарысқа түсті деп сілтеме жасайды medrese.kz сайтының тілшісі yassi.kz сайтына. Ілім додасы “Күмбез” мешітінде