MEDRESE.KZ Жаңалықтар Шегенің ізі

Мінезі жаман бір жас жігіт болса керек. Бір күні әкесі оған ішішегеге толы бір жәшік
беріп: «Достарыңмен әр жанжалдасыпқалған сайын тақтайға бір-бір шегеден қағып отыр» дептабыстапты.
Алғашқы күні-ақ баласы тақтайға 10 шеге қағып үлгеріпті.Одан кейінгі апталарда өзін тізгіндей бастаған бала күн өткенсайын шеге санын азайта түсіпті.

Бір күні тақтайға шеге қағуын тіптен қойса керек.  Бұл жайынәкесіне барып айтыпты.Әкесі болса оны тақтаның алдына апарып: «Ал енді, балам, бүгіннен бастап, достарыңмен татуласқан әр күнің үшін тақтадан бір-бір шегеден суырып алып отыр»,- депті. Біраз күндер өтіпті. Бір күні қараса, тақтайдағы бар шеге шығарылып біткен екен. Сонда оны сырттай бақылап жүрген әкесі баласын тақтайдың алдына ертіп әкеп: «Балам,жарайсың, жарадың,-депті,- алайда, мына тақтайға жақсылап тұрып қарашы?  Шегелерді суырғанда қалып қойған қарайған көп тесікті көріп тұрсың.  Бұл дегенің тақта әуелгісіндей таза қалпында, әдемі болып қалмайды деген сөз.  Достармен төбелескен сайын арада жаман сөздер айтылады. Әр жаман сөз артына мына шегелер тәрізді бір бір қара тесік қалдырып отырады. Жолдасыңа мың жерден кешірдім дегеніңмен, дәл мына тесіктер секілді кірбіңнің көңілде сыз болып бәрібір қалып қоятындығы шындық. Сондықтан дос қадірін біліп, ешбір досыңның көңліне кірбің ұялатпағайсың, балам»,-деген екен сонда өз ісінің астарын түсіндіріп, өмірлік ұмытылмас сабақ ұқтырған екен әкесі.

Related Post

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ресми сайтында осы жайында ақпарат жарияланды.Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ресми сайтында осы жайында ақпарат жарияланды.

Сондықтан биіктікте ұшып бара жатқан ұшақ жолаушылары күн толық батқаннан кейін ауыздарын ашады. Ал күннің батуын көру мүмкіндігі болмаса түн қараңғылығы көріне бастаған уақыттан бастап аузын ашқаны дұрыс болады. «Рамазан

САРЫАҒАШ МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІ РЕСМИ САЙТТАР СІЛТЕМЕСІСАРЫАҒАШ МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІ РЕСМИ САЙТТАР СІЛТЕМЕСІ

Сарыағаш медресе колледжі ресми сайты:https://medrese.kz/ Сарыағаш медресе колледжі ресми инстаграмы: https://www.instagram.com/medresekz/ Сарыағаш медресе колледжі ресми фейсбукы:https://www.facebook.com/profile.php?id=100041886344358 Ютуб каналымыз:https://www.youtube.com/c/ABDUGAPPARSMANOVRESMIKANAL Телеграмм каналымыз:https://t.me/ustazabdugappar