Шымкентте панкратион және каратэ спортынан қалалық ашық чемпионат өтті. Шәкірттеріміздің аталған спорт түрлерімен айналыса бастағанына көп бола қойған жоқ. Десе де жеткен жетістіктері ауыз толтырып айтарықтай. Дүбірлі додада панкратион спорт түрінен 5 спортшымыз жеңіс тұғырынан көрініп, мәртебемізді асырды. Атап айтқанда Хафиз Жұмаділдаев пен Өркен Мағжанбеков 2-ші орынды иеленсе, Мұхағали Тұрсынбаев, Әлішер Медеу, Өсербай Абдіғаппар қола медальді місе тұтты. Ал бапкерлер болса, «Алдағы уақытта аталған спорт түрлерінен Республикалық жарыстар ұйымдастырылса, спортшыларымыз топ жаруға дайын», – дейді.


