MEDRESE.KZ Жаңалықтар Сіріңке талшықтарынан жасалған мешіт

Сіріңке талшықтарынан жасалған мешіт

Дағыстанның Анди елді мекенінің тұрғыны Ахмад Ибрахимов туылғаннан құлағы керең мылқаулығына қарамай өмірде өз орнын тапқан. Үш жылдан бері ол сіріңке талшықтарынан және қарапайым қағаз желімі көмегімен таңғажайып қайталанбас ғимараттар макетін жасауда.

Ол кішкентай үй және мешіт ғимараттарын негізгі нұсқаға ұқсатып жасаған. Бір күні Ахмад сіріңке және тіс шұқығыш талшықтарынан үй жасайтын, адам жайлы фильмді көріп тамашалайды, оған мешіт макетін жасау шабыт береді. Бірнеше күн ол өз ойымен арпалысып өз макетін жасап көрді. Дайын болған макет оның туыстарына және достарына ұнап қалады.  Содан бастап сувенирлер жасау оның ермегіне айналды, тіптен қомақты қаржы көзі де болды. Әуелде ол өз макеттерін дүкенге қойып жүрді. Жақын күндер де оған аранайы тапсырыс берушілер саны арта бастады. Күнде ол түрлі ғимараттар макетін ойлап тауып жасай бастады. Ол өзінің «Хан дүниесі», дегенді Меккедегі мешіт ғимаратының макеті деп біледі. «Мен бұл мешіт макетін 10  тәулік бойы жасадым. Атап айтсам майда детальдардың көптігі қиындық тудырды. Мұны жасауым үшін маған 20 қорап тіс шұқығыш, 50 қорап сіріңке талшығы  және 5 дана қағаз желімі керек болды. Кейбір жерлерін «Момент» желімімен де  желімдеуге тура келді. Ісімнің нәтижесінен өте қуаныштымын », — дейді Ахмад Иброхимов

 

Related Post

Кіші және үлкен дәретсіздік үкімдеріКіші және үлкен дәретсіздік үкімдері

С: Кіші және үлкен дәретсіздіктің қандай үкімдері бар? Ж: Ғұсыл алу парыз саналған адамға үлкен дәретсіз Құран кәрім және намаз  оқу, мешітке кіру, қасиетті Құрандыұстау (қапшығымен ұстауына болады), Қағбаға тәуәп

Діни сауат ашу курсыДіни сауат ашу курсы

Бисмилләһир рахманир рахим. Әссәләму алейкум уә рахматуллаһи уә бәракәтуһу! Сарыағаш медресе колледжінің жанында ашылған «діни сауат ашу» курсына шақырамыз.(Ер адамдар үшін) Келушілер назарына!!! Құжаттар тізімі: 1.Төлқұжаттың түп нұсқасы және көшірмесі