MEDRESE.KZ Жаңалықтар,Ұстаздар Дін өкілдері аудан әкімінен марапат алды!

Дін өкілдері аудан әкімінен марапат алды!

21-қазан күні Сарыағаш ауданы әкімдігінің мәжіліс залында “18 қазан – Рухани келісім” күні мерекесіне орай жиын өтті. Аталмыш мәжіліске
аудан аумағындағы діни конфессиялар жетекшілері және өкілдері бас қосып, дінаралық қарым-қатынастарды нығайту мәселелері кеңінен талқылады. Дін өкілдерімен жүздескен ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Қозыбаев жиын барысында:

  • Сіздерді “18 қазан – Рухани келісім күні” мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бейбітшілік пен
    рухани келісімнің, жоғары моральдық және адамгершілік құндылықтардың жақтаушысы бола отырып,
    Сіздер дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге үлкен үлес қосып келесіздер. Рухани келісім күні
    бірліктің, мейірімділік пен өркендеудің символына айналсын! Мерекелеріңіз құтты болсын!- деп жылы лебізін білдірді.
    Жиын соңында діни конфессиялар жетекшілері аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
    Еңбегі еленген асыл дініміздің адал қызметкерлері Сманов Дінмұхаммет, Кадиров Еркин, Жакипов Жүсіпхан, Махсутов Азамат ұстаздарымызды марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!

Related Post

⚜️Ұлттық мереке ұлықталды!⚜️Ұлттық мереке ұлықталды!

🔰25-қазан “Республика күніне” орай Сарыағаш медресе колледжінің 1-4 курс студенттері және медресе ұстаздары ашық аспан астында сап түзеп мемлекеттік әнұранды орындады. 🔰Салтанатты сап түзеу жиынында медресе колледжіміздің директоры Сманов Дінмұхаммет

ҰСТАЗ ШӘКІР РАМАЗАН| РИЯ ДЕГЕН НЕ?ҰСТАЗ ШӘКІР РАМАЗАН| РИЯ ДЕГЕН НЕ?

Рия дегеніміз – Алла ризалығы үшін жасалуға тиісті амалдарға адамзатты да ортақ қылып, Алланың білгенін және Оның риза болғанын жеткіліксіз санап, басқа жолдардан медет тілеу. Рия – амалдың сауабын жоятын

«Ақпараттық – коммуникативтік технологиялар – білім кеңістігінде»«Ақпараттық – коммуникативтік технологиялар – білім кеңістігінде»

«Ақпараттық – коммуникативтік технологиялар – білім кеңістігінде»Біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңі — ақпараттық кезеңге толықтай көшіп келеді, бұл кезең, компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар мұғалім қызметінің