Рия дегеніміз – Алла ризалығы үшін жасалуға тиісті амалдарға адамзатты да ортақ қылып, Алланың білгенін және Оның риза болғанын жеткіліксіз санап, басқа жолдардан медет тілеу. Рия – амалдың сауабын жоятын жүректегі рухани дерт әрі иманның әлсіреуі.

Алла Тағала жүректе жасырылған әрбір нәрсені білгендіктен ешбір ойды, ешбір ниетті Одан жасырып, бүгіп қалу мүмкін емес.