С: Кіші дәрет қашан бұзылады?
Ж: Дәрет мынандай әрекеттерге жол бергенде бұзылады. Оларды дәретті бұзатын амалдар дейді.
- Екі нәжіс жолдың бірінен шыққан нәрсе;
- Денеден шыққан қан, ірің және сары су егер денеге жайылса;
- Ауыз толтыра құсу;
- Жанбастап ұйықтау;
- Сүйеніп ұйықтау;
- Ақылдан айырылу;
- Есінен тану;
- Сәждемен рукуғта тұратын намазда даусын шығарып күлу. Осы амалдардың бірін істеген адам, қайта дәрет алған соң намаз оқуы керек.