С: Дәрет сүннеттері қанша ?

Ж: Дәреттің сүннеттері он бес :

  1. Ниет ету, яғни дәретсіздіктен арылу немесе дәретпен ғана рұқсат етілген амалдарды атқаруға ниет еті;
  2. Дәрет алуды қолын үш рет білезігіне дейін жуудан бастау. Ұйқысынан тұрған адамға да дәрет суы құйылған ыдысты ұстаудан бұрын екі қолын жуу сүннет саналады;
  3. Алла зікірімен бастау;
  4. Мисуәк (тіс тазалағыш) қолдану;
  5. Үш рет ауыз шаю;
  6. Мұрнына үш рет су тартып шаю;
  7. Бір рет суланған қолмен басын түгел сипап мәсіх тарту;
  8. Екі құлағына мәсіх тарту (басын сипау үшін сулаған қолымен);
  9. Оң қол саусақтарының арасын сол қолдың саусақтарымен және сол қолдың саусақтарын оң қолдың саусақтарымен тарау;
  10. Саусақтармен сақалды тарау;
  11. Ағзаларды үш реттен жуу;
  1. Құран кәрім аяты нұсқаған тәртәппен дәрет алу. Сондықтан, бірінші бетті, кейін шынтақпен қоса екі қолдыжуу, басқа мәсіх тарту, соңынан екі тобықты қоса аяқтарын жуу керек;
  2. Жууды оң жақтан бастау ;
  3. Жуылатын ағзаларды тұтас жуу, яғни басқа амалдарды араластырмай, ретімен жуып соңына жеткізу;
  4. Мойынға мәсіх тарту.