С: Қандай сумен дәрет алуға болады?

Ж: Дәрет жаңбыр, еріген қар, теңіз, көл, жылға, бұлақ, құдық суларымен алынады. Тұщы суды да дәрет алуға қолдануға болады. Таза нәрсе араласқан су да дәрет алуға жарайды. Мысалы: топырақ, сабын немесе иісті таза нәрсе араласқан суға дәрет алуға болады.

С: Қандай сумен дәрет алуға болмайды?

Ж: Ағаштан немесе жемістен сығып алынған, табиғи түрінен ажырап исі, дәмі, түсі өзгерген (мысалы: ішімдікке, сірке немесе сорпаға айналған) сулармен дәретте, ғұсылда алу дұрыс емес.

С: Дәрет алу үшін пайдаланған сумен қайта дәрет алуға бола ма?

Ж: Мұндай сулармен дәрет, ғұсыл алынбайды.

С: Сонда қалай? Бұрын қолданылған су таза болмағаны ма?

Ж: Ол су нәжісті кетіру үшін қолданылмаған болса таза саналады. Демек, ол сумен қайта дәрет алынбағанмен, ондай су дәрет немесе ғұсыл алғанда киімге шашыраса, тамшыласа, төгілсе, бір заты оған түсіп кетсе, ол былғанған болып есептелмейді.

Related Post

Рамазан Шәкір

ҰСТАЗ РАМАЗАН ШӘКІР|ТӘУБЕ ЕТУ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЫҒМЕТІ ЖАЙЛЫ УАҒЫЗ АЙТТЫҰСТАЗ РАМАЗАН ШӘКІР|ТӘУБЕ ЕТУ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЫҒМЕТІ ЖАЙЛЫ УАҒЫЗ АЙТТЫ

Тәубе сөзінің мағынасы «қайту, оралу» дегенді білдірсе, қолданыстағы шариғи ұғымы «пенделікпен жасаған күнәсына шынайы өкініп, оны қайталамауға бел буу» деген сөз. Пайғамбарымыз ﷺ хадисінде: «Барлық Адам атаның балалары қателесуші» деп

Мінез құлықтың әлсіздігі иманның әлсіздігіне дәлелМінез құлықтың әлсіздігі иманның әлсіздігіне дәлел

Иман, дүниеден сақтаушы, ұлылықтарға үндеуші. Міне сол үшін Аллаһ пенделерін жақсылыққа шақырып, жамандықтан қашырып жатқан уақытта бұны иманның талабы қылды. Аллаһ Кітабында: «Ей иман келтіргендер» деген сөзі қандай көп, соңынан оларға жүктейтінін