MEDRESE.KZ Жаңалықтар БІЛІМНІҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

24.02.2022ж атаулы оқу орнында студенттермен белгілі уағызшы, имам, РАНТ мүшесі Ғазиз Ахмет ұстаздың «БІЛІМНІҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ» тақырыбында әсерлі уағызы болып өтті. Уағызда оқу орнының шәкірттері Білімнің құндылығы және маңыздылығы туралы түсінік алды.Уағыз барысында медресе колледж шәкірттері өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Осы белгілі сұқбатта Ғазиз Ахмет ұстаз жастарымыздың бойында имандылық қасиетін қалыптастыру арқылы оларды Білімді терең меңгеруге, Еңбек сүйгіштікке, Отан сүйгіштікке тәрбиелеуге болатындығын тілге тиек етті .Сөз соңында ұстаз : «Білімдіге дүние жарық,Білімсіздің күні ғаріп»- деп шәкірттерді білім жолында сабырлылық,төзімділік,парасаттылық,шыдамдылық керектігін өз сөзімен аяқтады.

Related Post

Астана медресе-колледжінде семинар болып өтті!Астана медресе-колледжінде семинар болып өтті!

15-16 наурыз күндер аралығында Елордадағы Астана медресе-колледжінде «Модульдік-құзіреттік тәсіл негізінде, кәсіби мамандарды даярлау» тақырыбында «Дінтану және теология» бейіні бойынша республикалық семинар-кеңеске колледжіміздің білікті мамандыры Жакипов Жүсіпхан, Қалмұратов Темур қатысты. ҚМДБ

Зәм-зәм суындағы ғажайыпЗәм-зәм суындағы ғажайып

Ұзақ жылдар бойы зәмзәм суы мен кристалдары бойынша зерттеу жүргізген мұсылман зерттеуші мамандармен қатар жапон және неміс ғалымдары да жасаған зерттеулерінің нәтижесінде зәмзәм суының ғажайып сырларымен бөлісті.