08.02.2022 күні Сарыағаш медресе колледжінің 13-11-01 тобында “Хадис әдістемесі” пәнінен ашық сабақ болып өтті. Сабақты арнайы пән мұғалімі Балтабаев Алишер ұстаз жүргізді. Ашық сабақ сайыс форматында ұйымдастырылды. Стунденттер үш топқа бөлініп өз таңдаған тақырыптары бойынша қорғау жасады. 1-ші топ:Әл-Бухари тобы.
«Хадис ғылымында сахабалардың орны» тақырыбында сөз қозғады.
2-топ: Алаш орда тобы.
«Қабылданатын хадис түрлері» тақырыбын қорғады.
3-топ:Фуқаро тобы.
«Ислам тарихында хадис ғылымына әсер берген ағымдар» тақырыбын ашып берді. Сайыс өте қызық өтті. Студенттер өз ойларын толық жеткізді.
“Хадис әдістемесі” пәнінен ашық сабақ болып өтті.
Рубрики: