MEDRESE.KZ Без категории IV-РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕДРЕСЕ АРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ!

IV-РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕДРЕСЕ АРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастырумен, 28.03.2022 — 29.03.2022 күндер аралығында Ақтөбе медресе колледжінде IV-Республикалық медресе аралық “Фиқһ және Араб тілі” пәндері бойынша олимпияда болып өтті. Аталған жарыс барысында колледжіміздің шәкірттері жүлделі орындарға ие болды. Араб тілі пәні бойынша: 1-орынды 2-курс студенті Рахметуллин Темірлан иеленді.Фиқһ пәні бойынша:2-орынды 3-курс студенті Әбдіқалық Санат қанжығасына байлады.Жеңімпаздар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлының арнайы Алғыс хатымен ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау бөлімі меңгерушісінің орынбасары Серікбол Аршабаев марапатталды.Студенттердің алар белесі — әлі алда!

Related Post

Қош келдің әз НаурызҚош келдің әз Наурыз

Наурыз мерекесі қазақ халқы үшін – өткенге салауат айтып, келер күннен береке тілеп, шығыс халықтарын бір-бірімен табыстыратын қасиетті мейрам! «Бірлік болмай, тірлік болмас», деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Наурыз

Абдулла ибн Хузафа Парсы патшасы Кисраға дінді уағыздауыАбдулла ибн Хузафа Парсы патшасы Кисраға дінді уағыздауы

«Алла тағаланың назарында әрі абзал әрі таза, дәрежелеріңді көтеретін, алтын мен күмісті жаратудан артық, тіпті жауларыңмен бетпе-бет тұрып, олардың бастарын шабу, не болмаса сол жолда жан тапсырудан да артық болған