MEDRESE.KZ Жаңалықтар ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕР БӘЙГЕСІНЕН БІРІНШІ ОРЫН

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕР БӘЙГЕСІНЕН БІРІНШІ ОРЫН

Ел астанасы Нұр-Сұлтанда «ALASH STAR» халықаралық өнер байқауы өтті. Өнер бәйгесінде «Сарыағаш» медресе-колледжінің студенті Нұрбол Қасымов та өз бағын сынады. Қазылар алқасы мен көрермендерді таң қалдырған шәкіртіміз «көркем сөз» номинациясы бойынша бірінші орынды қанжығасына байлады. Ал ұстазы Айбек Нашуран Құрмет грамотасымен марапатталды. Жетекшілік еткен ұстазына, барша демеушілерге алғыс білдіреміз. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз

Related Post