MEDRESE.KZ Жаңалықтар «СТУДЕНТТІК ЛИГА» ЖАРЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

«СТУДЕНТТІК ЛИГА» ЖАРЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

Сарыағашта ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай спорттық жарыс түрлерінен сайыстар өтті. Жарысқа жалпы Сарыағаш ауданынан 6 команда қатысып бақтарын сынады. Мақсат — жастар арасында салауатты өмір сүру салтын насихаттау, аудан жастары арасында достық байланысты нығайту, дене шынықтыру мен спортты дамыту, спорт шеберлігін шыңдау. Спорттың 7 түрінен өткен сайыста үстел теннисі, тоғызқұмалақ, арқан тартысы және кіші фуболдан 2-орын бұйырды. Мадимар Мұхаммеджан есімді студентіміз кір тасын көтеруден алдына жан салмай, 1-орынды иеленді. «Сарыағаш» медресе-колледжінің шәкіртері мен жаттықтырушыларын жеңіспен және жүлделі орындарымен құттықтаймыз!!! Спортпен шұғылданыңыздар, дендеріңіз сау болсын!!!

Related Post

Асарға кел ағайын!Асарға кел ағайын!

Сарыағаш медресе-колледжінің жанында салынып жатқан мешітке қаражат та, жұмыс күші де жетіңкіремей жатыр. “Көп түкірсе көл болады”, “Саусақ бірікпей, ине ілікпейді” деген бабаларымыздың өсиетіне құлақ түріп асарлатсақ игі еді.