MEDRESE.KZ Мақалалар,Мақалалар Адамның пәктігі

Кадиров Эркин ұстаз

Бұл жерде «Адам» деуден мақсат, жалпы аты адам болса болды, одан қалған тағам және  судың пәк болуы түсініледі. Адам  момын ба, кәпір ма, әйел ме, еркек пе, үлкен бе, кіші ме, жүніп па, хайыз және нифас  көрген бе — айырмашылығы жоқ. Тек қана арақ ішпеген болса болды. Егер арақ ішкен болса, аузы нәжіс болғандықтан, оның аузындағы және аузы тиген  нәрселерде  нәжіс (лас) болады. Ол аузындағы  нәжісті кетіру үшін аузын жууы, су ішуі яки түкірігін үш рет жұтуы қажет.

Адамның пәктігі жайындағы дәлелдер Абу Хурайра р.а риуаят етіледі: «Бірде  Алланың        Елшісі (соллаллаху алейхи уасаллам) маған  Мәдинаның жолдарының бірінде жолығып қалды. Мен жүніп едім, жасырынып алдым».

Басқа риуаятта: «Білдірмей  шетке шықтым. Барып ғұсыл алып келдім. Ол кісі: «Ей, Абу Хурайра қайжерде едің?» — деді. Мен: «Жүніп едім, сізбенен пәк болмаған күйімде отыруды ұнатпадым», — дедім. Ол кісі: «Субханаллах! Мұсылман нәжіс болмас»,- деді» (Имам Бухари, Муслим, Абу Дәуіт, Насаи және Термизилер риуаят еткен).    

Айша (розияллоху анхадан) жеткен риуаятта: «Мен  хайызды (менструация) хәлімде бір нәрсені ішіп, кейін Наби  (соллаллаху алейхи уасалламға) берер едім. Ол кісі менің аузым тиген жерге  аузын  қойып ішетін еді. Мен  хайызды (менструация) хәлімде сүйекті мүжіп, Наби  (соллаллаху алейхи уасалламға) берер едім. Ол кісі менің аузым тиген жерге  аузын  қоятын еді» (Имам Муслим риуаят еткен).

Және Айша розияллоху анхадан жеткен риуаятта: «Мен хайызды (менструация) хәлімде Расулуллах( соллаллаху алейхи уасаллам) көкірегіме сүйеніп алып, Құран оқитын еді»  (Имам Муслим риуаят еткен).

Демек Адам баласы мүмін бе, кәпір ма, әйел ме, еркек пе, үлкен бе, кіші ме, жүніп па, хайыз және нифас көрген бе — айырмашылығы жоқ, барлығы пәк болып есептеледі. Олар ұйқыдан тұрғанда, қолын үш рет жумайынша  қолын ыдысқа салмайды, бір-бірімен  қол беріп сәлемдесуден алдын екі қолын  білезікке дейін жуулары қажет, себебі адам ұйықтағанда қолы қайда барғанын, нелерді ұстағанын білмейді,  дүнияуи істерінде сөйлесулері, жеп-ішулері, бірге отырулары мүмкін, бірақ та жүніп болған, хайыз және нифас көрген әйелдер жуынып (ғұсыл алып) таза болмайынша, Құран оқымайды, Құран және тәпсір, хадис, фиқһ кітаптарын да ұстамайды, тек қана оған жабыспаған  қапшығымен ұстауға болады,  өйткені ол кітаптарда Құран аяттары болады, мешітке кірмейді, Құран сүресі жазылған ақшаны да кармансыз ұстамайды. Себебі  жүніп болғандар, нифас және хайыз көргендердің барлығы дәреті (тазалығы) жоқ адамдар. Оған  дәлел  «Уақиға» сүресі 79-шы аятта: «Оны (Құранды) тек тазалар ғана ұстайды», — деген. Демек, сүре жазылған  нәрселерді де дәретсіз ұстауға болмайды. Құран Кәрімнің суда ағуы, отта күюі, нәжіс жерге түсуі секілді  қауіп болса, осы аталған кісілер оны  сақтау  мақсатында ұстаулары мүмкін. Құранды дәретсіз парақтауға  да болмайды. Қалам секілді нәрсемен парақтауға рұқсат бар. Жас балалар ұстаса, мейлі.                                     

Related Post

МӘЗҺАБТАРҒА БӨЛІНУДІҢ СЕБЕПТЕРІМӘЗҺАБТАРҒА БӨЛІНУДІҢ СЕБЕПТЕРІ

Мәзһаб дегеніміз не. «Мәзһаб» сөзі араб тіліндегі «зәһәбә» (бару) етістігінен шыққан, «жүрілген жол», «баратын жер» деген мағынаны білдірелі. Ал терминдік мағынасы – «Ислам дінінің сенім (ақида) мен фиқһ саласында бір

Тәуелсіз елдің ұстазы – 2021Тәуелсіз елдің ұстазы – 2021

Тәуелсіздік – жүрекке жылы, құлаққа жағымды, мақтаныш сезімін ұялататын сөз. Йә, йә, нақ осы сөздің қадір-қасиетін, мағынасын жақсы түсінетін халықтың бірі екендігіміз ақиқат. Балалары – құл, қыздары – күң болуды

Педагогическое мастерство как искусство воспитания и обученияПедагогическое мастерство как искусство воспитания и обучения

Автор: Бактыгул Сманова «Лучший из вас тот, кто учится и обучает Корану (т.е. его положения, смыслы).                                                                                                             Хадис Первый аят, который снизошел Посланнику Аллаха, был «Читай». Поэтому говорят мы община