MEDRESE.KZ Хабарландыру Хабарландыру!

САРЫАҒАШ МЕДРЕСЕСІ ТАЛАПКЕРЛЕРДІ 2013-2014  ЖАҢА  ОҚУ ЖЫЛЫНА ОҚУҒА 

ҚАБЫЛДАЙДЫ!

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ержеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы,

Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім?

Адамның бір қызығы – бала деген,

Баланы оқытуды жек көрмедім.

Баламды медресеге біл деп бердім, 

Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.

(Абай Құнанбай)

                                                                      

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2014-2015 оқу жылына Сарыағаш ауданында орналасқан арнаулы орта білім беру мақсатында ашылған медресеге талапкерлерді оқуға қабылдайды.

Медресенің оқу жүйесі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен ҚР Білім және ғылым министрлігі басшылығымен жүргізіледі. Бітіруші түлектерге исламтану мамандығы бойынша төмендегідей біліктіліктер беріледі:

01 «ИМАМ-ХАТИБ»

02 «ИСЛАМ НЕГІЗДЕРІНІҢ МҰҒАЛІМІ»

Оқу түрі күндізгі. Техникалық және кәсіптік білім берудің мерзімі –                  2 жыл 10 ай

Бітірушілерге мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.

Мемлекеттік лицензиясы: № 0142687 Серия АБ

Медресе оқу ғимараттары, кітапхана, асхана, жатақхана және басқа да материалдық базасымен толық қамтамасыз етілген. Медресе студенттеріне компьютер дәрісханалары мен кең лекциялық аудиториялар, спорт алаңы және арнайы салынған мешіт қызмет көрсетеді.

Медреседе жоғары тәжірбиелі исламтанушы мамандармен бірге медресе қабырғасында бірнеше жылдық іс-тәжірибесі бар оқытушылар дәріс береді. Олардың ішінде шетелден шақырылған арнайы мамандар да бар.

 

 

ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ЕМТИХАН ШАРТТАРЫ:

Медресе студенттері емтихан нәтижесі бойынша қабылданады.

Талапкерлер төмендегі құжаттарды тапсыруы қажет:

Ер балалар бөлімі

—         Медресе директоры атына өтініш.

—         Жергілікті имамдардың берген ұсынысы.

—         Өмірбаян.

—         Орта білімі туралы аттестаты. (түпнұсқасы)

—         086, 063 үлгідегі дәрігерлік анықтама.  + (флюра)

—         Психодиспансерден анықтама

—         Наркодиспансерден анықтама

—         Көлемі 3х4 сурет (6 дана) 4х6 сурет (1 дана)

—         Жеке куәліктің көшірмесі.

—         Әскери билеті немесе әскерге шақыру туралы куәлігі.

—         Тұрғылықты жерден анықтама.

—         Сотталмағандығы жөнінде анықтама.

—         Конверт.

—         Құжаттарды тігуге арналған іс-парағы. (скоросшиватель)

Мекен-жайымыз: ОҚО, Сарыағаш ауданы, Ынтымақ елді-мекені, Аппаз ата көшесі №1

Құжаттарды қабылдау: қазірден басталады.   

Қабылдау емтиханы екі кезеңнен тұрады:

1) Қазақ тілінен

 2) Емтихан  13-14. 08.2014 жылы  ҚМДБ-нан арнайы комиссия  мүшелерімен сұхбат түрінде. 

Байланыс телефондары: 8(725 37) 5 52 92,

Email-  kazmedrese@gmail.com

 

ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ЕМТИХАН ШАРТТАРЫ:

Қыздар бөлімі

Медресе студенттері емтихан нәтижесі бойынша қабылданады.

Талапкерлер төмендегі құжаттарды тапсыруы қажет:

—         Медресе директоры атына өтініш.

—         Өмірбаян.

—         Орта білімі туралы аттестаты. (түпнұсқасы)

—         086, 063 үлгідегі дәрігерлік анықтама. + (флюра)  

—         Психодиспансерден анықтама

—         Наркодиспансерден анықтама

—         Көлемі 3х4 сурет (6 дана) 4х6 сурет (1 дана)

—         Жеке куәліктің көшірмесі.

—         Тұрғылықты жерден анықтама.

—         Сотталмағандығы жөнінде анықтама.

—         Конверт.

—         Құжаттарды тігуге арналған іс-парағы. (скоросшиватель)

Мекен-жайымыз: ОҚО, Сарыағаш ауданы, Ынтымақ елді-мекені, Аппаз ата көшесі №1

Құжаттарды қабылдау: қазірден басталады.   

Қабылдау емтиханы екі кезеңнен тұрады:

1)  Қазақ тілінен

 2) Емтихан  13-14. 08.2014 жылы  ҚМДБ-нан арнайы комиссия  мүшелерімен сұхбат түрінде. 

Байланыс телефондары: 8(725 37) 7-08-23

Email-  kazmedrese@gmail.com

 

 

Қыздар медресесінің жаңа ғимараты

DSC_0024 DSC_0022 DSC_0013 (1)

Related Post

Сарыағаш медресе колледжінде «Салауатты өмір — денсаулық кепілі» тақырыбында апталық онлайн сайысы ұйымдастырылдыСарыағаш медресе колледжінде «Салауатты өмір — денсаулық кепілі» тақырыбында апталық онлайн сайысы ұйымдастырылды

Сарыағаш медресе колледжінде «Салауатты өмір — денсаулық кепілі» тақырыбында апталық онлайн сайысы ұйымдастырылды. Спорттың керме және серіппе түрлерінен өткен жарысқа оқу орнының барлық студенттері қатысты. Білім мекемесінің директоры Дінмұхаммед Сманов

САРЫАҒАШ МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІНДЕ ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР ҮШІН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ!САРЫАҒАШ МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІНДЕ ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР ҮШІН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ!

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен 2022 жылғы 15 қараша күні республика бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында өткізілетін «Жұмыс беруші күні» ашық есік күні өтеді. ҚМДБ-ның