Бүгінгі таңда Сарыағаш медресе колледжінде 900 ден астам шәкірт тәлім алуда. Білім жолында берілген садақаның сауабы ілім иесінің өзгеге үйретері, мұра етер мирасы түгесілгенше еш сарқылмайды. Ал ілімнен асқан қазына, байлық жоқ. Өңіріміздегі жастарды имандылыққа тәрбиелеп, ислами іліммен сусындатушы білім ордасы – «Сарыағаш медресе колледжіне» көрсетілген көмек те сауабы зор амал. Бүгін Түркістан облысы, Шардара ауданының жомарт азаматтары колледжімізде тәлім алып жатқан шәкірттерге 3 тонна алма, 25 кг балық садақа етті. Алла жолында ілім ізденушілерге жасалған жақсылықтың сауабы таудай болары күмәнсіз. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Жарты құрмамен болса да өздеріңді тозақ отынан құтқарыңдар» деген. Баршаңызды Алла жолында жақсылық жасауға шақырамыз!!!

Related Post

«Имам Науауидің таңдаулы 40 хадисін» жатқа оқу бойнша сайыс болып өтті.«Имам Науауидің таңдаулы 40 хадисін» жатқа оқу бойнша сайыс болып өтті.

28.05.2022ж Сарыағаш медресе колледжі студенттерінің ұлдар арасында да «Имам Науауидің таңдаулы 40 хадисін» жатқа оқу бойнша сайыс болып өтті. Сайыс билет түрінде үш сұрақтан беріліп, колледжіміздің арнайы пән оқытушылары Кадиров

Оразаны бұзатын амалдарОразаны бұзатын амалдар

С: Қай амалдар оразаны бұзады? Ж: Дәнек немесе майда тас немесе темір бөлігін жұтып қойған және қан құйдырған адамның оразасы және қарнындағы немесе тамағындағы жараға сұйық дәрі тамызғанда ішіне өтіп